---
title: "Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы Мәскеуде өтеді"
description: "МӘСКЕУ. 4 наурыз 2014, 16:34. BNews.kz 5 наурызда Мәскеуде мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Е..."
author: "KTK_MF_RK"
published: "2014-03-04T07:11:07+00:00"
modified: "2014-03-04T07:11:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-euraziyaly-ekonomikaly-ke-esti-otyrysy-m-skeude-tedi-403648"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-euraziyaly-ekonomikaly-ke-esti-otyrysy-m-skeude-tedi-403648/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы Мәскеуде өтеді

> МӘСКЕУ. 4 наурыз 2014, 16:34. BNews.kz 5 наурызда Мәскеуде мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Е...

#

![Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы Мәскеуде өтеді](http://bnews.kz/picture/380/news/874a6976a5dea81d1e04a6c1bafd9b06.jpg)

[МӘСКЕУ](http://bnews.kz/kk/news/region/66/). 4 наурыз 2014, 16:34. BNews.kz 5 наурызда Мәскеуде мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі. «Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдерінің президенттері интеграциялық өзара әрекеттің негізгі бағыттарын – Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмысын талқыға салады», - делінген хабарламада. Бұған қоса, тараптар 2015 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшарттың жұмыс барысын талқылайды. BNews.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-euraziyaly-ekonomikaly-ke-esti-otyrysy-m-skeude-tedi-403648](https://yvision.kz/kk/post/zho-ary-euraziyaly-ekonomikaly-ke-esti-otyrysy-m-skeude-tedi-403648)