---
title: "Жоғарғы Соттың жаңа судьясы сайланды"
description: "Бүгін Парламент Сенатының отырысында Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Мергенова Гүлнар Жақсылық..."
author: "SUD_RK"
published: "2016-11-10T05:51:43+00:00"
modified: "2016-11-10T05:52:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-sotty-zha-a-sudyasy-saylandy-725440"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-sotty-zha-a-sudyasy-saylandy-725440/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жоғарғы Соттың жаңа судьясы сайланды

> Бүгін Парламент Сенатының отырысында Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Мергенова Гүлнар Жақсылық...

Бүгін Парламент Сенатының отырысында Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Мергенова Гүлнар Жақсылыққызы Жоғарғы Соттың судьясы болып сайланды. Бұған дейін Г.Ж. Мергенова Астана қалалық сотының судьясы қызметін атқарды, оның жиырма жылдан астам аудандық және облыстық деңгейдегі судьялық жұмыс өтілі бар. Заңнамаға сәйкес Г.Ж. Мергенованың кандидатурасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында алдын-ала қаралды. Мұнда құпия дауыс беру қорытындысы бойынша ол осы лауазымға үміттенген 8 адамның арасында жоғары сот органы судьяларының неғұрлым көп дауысына ие болды. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысы негізінде Г.Ж. Мергенова Жоғары Сот Кеңесі (ЖСК) жариялаған конкурсқа қатысты. Г.Ж. Мергенованың кандидатурасы ЖСК-ның барлық мүшелері тарапынан қолдау тапты. Тиісті ұсыным ел Президентіне жолданды. ЖСК-ның ұсынымына негізделген Мемлекет басшысының ұсынысы Сенаттың қарауына енгізілді. Г.Ж. Мергенованың кандидатурасы Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды. Мұнда кандидаттың іскерлік және моральдық қасиеттері, соңғы бірнеше жыл ішіндегі сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысының нәтижелері зерделенді. Ағымдағы жылғы 10 қарашадағы жалпы отырыста Парламент Сенатының депутаттары Г.Ж. Мергенованың кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. [http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-zhana-sudyasy-saylandy](http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-zhana-sudyasy-saylandy) ![](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/dk6UjX38zUlhxZ9W9K1xi6dOG38uA2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-sotty-zha-a-sudyasy-saylandy-725440](https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-sotty-zha-a-sudyasy-saylandy-725440)