---
title: "Жоғарғы Соттың делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесінің жұмысына қатысты"
description: "А.ж. 22 қыркүйегінде Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше..."
author: "SUD_RK"
published: "2016-09-26T22:43:44+00:00"
modified: "2016-09-26T22:43:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-sotty-delegaciyasy-shy-a-m-she-memleketterdi-zho-ar-y-sot-t-ra-alaryny-on-birinshi-ke-esini-714067"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-sotty-delegaciyasy-shy-a-m-she-memleketterdi-zho-ar-y-sot-t-ra-alaryny-on-birinshi-ke-esini-714067/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жоғарғы Соттың делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесінің жұмысына қатысты

> А.ж. 22 қыркүйегінде Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше...

А.ж. 22 қыркүйегінде Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесі өтті. Кеңес жұмысына Мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қ. Қыдырбаева бастаған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы қатысты. Кеңеске қатысушылар өз елдеріндегі бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін қарастыратын заңнамалар, терроризм және экстремизмге қатысты қылмыстық істерді қарау тәжірибесі, сондай-ақ, заң күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайларға қатысты қайта қарау бойынша ақпаратпен алмасты. Кеңес қорытындысы бойынша делегация басшылары Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. [http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-delegaciyasy-shyu-ga-mushe-memleketterdin-zhogargy-sot-toragalarynyn-birinshi](http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-delegaciyasy-shyu-ga-mushe-memleketterdin-zhogargy-sot-toragalarynyn-birinshi)

![Жоғарғы Соттың делегациясы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының он бірінші кеңесінің жұмысына қатысты](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/Dj2KODLLR5MediOeGVgLoS8NHB2eY3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-sotty-delegaciyasy-shy-a-m-she-memleketterdi-zho-ar-y-sot-t-ra-alaryny-on-birinshi-ke-esini-714067](https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-sotty-delegaciyasy-shy-a-m-she-memleketterdi-zho-ar-y-sot-t-ra-alaryny-on-birinshi-ke-esini-714067)