---
title: "Жоғарғы курс студенттеріне мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндірілді"
description: "А.ж. 15 қарашасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-11-16T05:11:09+00:00"
modified: "2017-11-16T05:11:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-kurs-studentterine-memlekettik-yzmetke-ornalasu-t-rtibi-t-sindirildi-785179"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-kurs-studentterine-memlekettik-yzmetke-ornalasu-t-rtibi-t-sindirildi-785179/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жоғарғы курс студенттеріне мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндірілді

> А.ж. 15 қарашасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/qKc0YEaVdC1hPFS7i2xJnU3k02YRyP.jpg) А.ж. 15 қарашасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізілді.

Департаменттің басшысы Б.Беспалинов мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу мәселесі бойынша баяндама жасап, өз сөзінде меритократия қағидасына, мемлекеттік қызметтің маңсаптық үлгісіне, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз білім алуына, тәлімгерлік және тағылымдама институттарына, қызметін тиімді атқарған мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жаңа жүйесіне баса назар аударды.

Кездесудің соңғы бөлігі «Сұрақ-жауап» форматында өтті, қатысушылар мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу жөніндегі сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар берілді. Тестілеуден өту бойынша негізгі талаптар, әңгімелесу барысындағы үміткерлердің құқықтары түсіндірілді. Мемлекеттік органдар бойынша төменгі бос лауазымдар тізімі назарға ұсынылып, аталған лауазымдарға білім бойынша талаптармен таныстыру өткізілді.

Іс-шараның аяғында қатысушыларға мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі брошюралар таратылды.

Іс-шараға 240 адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-kurs-studentterine-memlekettik-yzmetke-ornalasu-t-rtibi-t-sindirildi-785179](https://yvision.kz/kk/post/zho-ar-y-kurs-studentterine-memlekettik-yzmetke-ornalasu-t-rtibi-t-sindirildi-785179)