---
title: "«Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубына 10 жыл"
description: "Осыдан 10 жыл бұрын Ақмола облысында жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау және олардың кәсіби тұрғыд..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-11-21T03:18:47+00:00"
modified: "2017-11-21T03:18:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhiger-zhas-memlekettik-yzmetshiler-klubyna-10-zhyl-785693"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhiger-zhas-memlekettik-yzmetshiler-klubyna-10-zhyl-785693/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубына 10 жыл

> Осыдан 10 жыл бұрын Ақмола облысында жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау және олардың кәсіби тұрғыд...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/2AjpC2UiPaIkffU63pza93qON4E8V8.jpg) Осыдан 10 жыл бұрын Ақмола облысында жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау және олардың кәсіби тұрғыда, сондай-ақ, жеке тұлға ретінде қалыптасуына әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы құрылды. Осы күнге дейін аталған клуб өз қызметін сәтті атқарып келеді.

Аталмыш іс-шараның құрметіне а.ж. 16 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубымен бірлесіп, жастармен кездесуді ұйымдастырды.

Іс-шара Астана қ. Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабының төрағасы Алихан Байменовтың, Ресей Федерациясы Ульяновск облысының өкіметі жас мемлекеттік қызметшілер клубының, Татарстан Республикасының жас басқарушылар активінің, АҚШ Алабама штаты Хантсвилл қ. Халықаралық істер жөніндегі кеңес төрағасының құттықтау видеороликтерімен ашылды.

«Жігерліктерді» Ақмола облысында мемлекеттік қызметті құрудың бастауында тұрған мемлекеттік қызмет ардагерлері Марат Құлмағамбетов, Валентина Козинская және Павел Трищ құттықтады. Ардагерлер өз қызмет жолдары туралы айтып, тәжірибесімен бөлісті, жас мемлекеттік қызметшілерге нақылдарын берді. Сонымен қатар, іс-шара барысында Ақмола облысы әкімдігінің және басқа мемлекеттік органдардан құттықтаулар айтылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің атынан басшысы Берген Беспалинов сөз сөйледі. Құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметшінің қалыптасуындағы тәлімгердің ерекше рол атқаратынын атап өтіп, жастарды өзін-өзі дамытуға және мемлекеттік қызметтегі маңсапқа жетуге ынталандырды.

Іс-шараның соңында кездесудің бірқатар қатысушылары клубтың құрамына кіруге құлшыныстарын білдіріп, салтанатты түрде мемлекеттік қызмет ардагерлері қолынан оларға «Жігер» клубының төс белгілері табысталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhiger-zhas-memlekettik-yzmetshiler-klubyna-10-zhyl-785693](https://yvision.kz/kk/post/zhiger-zhas-memlekettik-yzmetshiler-klubyna-10-zhyl-785693)