---
title: "Жеттік-ау, әйтеуір..."
description: "Өткен демалыста өз-өзімді «өһілеп» жүріп «Менің атым Кхан» атты көркем фильмге барғыздым. Әу баста ..."
author: "bombom"
published: "2010-09-06T05:09:26+00:00"
modified: "2010-09-06T05:09:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhettik-au-yteuir-70450"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhettik-au-yteuir-70450/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жеттік-ау, әйтеуір...

> Өткен демалыста өз-өзімді «өһілеп» жүріп «Менің атым Кхан» атты көркем фильмге барғыздым. Әу баста ...

![Жеттік-ау, әйтеуір...](https://storage.yvision.kz/images/user/bombom/i1OI10kuMI3xZE4818NqJ801CaLPIp.jpg)

Өткен демалыста өз-өзімді «өһілеп» жүріп «Менің атым Кхан» атты көркем фильмге барғыздым. Әу баста жылаңқы үнді киноларының бірі ма деп елемей жүріппін, сөйтсем... «ВО!» дүние екен!!!

Мен қазір монитордың алдында отырып, жылап-сықтап, солықтап, солқылдап, іріп отырып көрген киномның мазмұнын айтып әуре болмай-ақ қояйын, өйтсем «нервімнен» «нерві» қала ма...

Айтпағым басқа...

«Алланың құлымын, Пайғамбардың үмбетімін, кітабым Құран» деген жанның АҚШ киносында оң кейіпте, жақсы сипатта болғанын Сіз бұрын-соңды көрдіңіз бе? Мен көрмеппін. Қайта керісінше, батыс киносының арқасында мұсылман бауырымды сақалы ұзын, ақ киімді, бір қолтығының астында гранатомет, бір қолтығының астында Калашников автоматы бар кейіпте деп өз-өзімді сендіріп алыппын. Ал алдыңғы күні осы фильмді көріп отырып, Құдайдан қорықтым, өзімнен-өзім ұялдым, Палестинадағы аш-жалаңаш кем-кетік жандардан ұялдым, 90-ға келсе де тоңқаңдап намазға жығылған қариядан ұялдым, тіпті экрандағы Шах Рух Кханнан ұялдым...Ақпараттық экспансия деген жаман екен...

**«Мұсылман болудың не жамандығы бар!!!» («Менің атым Кхан» фильмінен)**

«Теке болсын, черт болсын» (Әпенде Қожанасыр©) кім түсірсе де, қалай түсірілсе де, кім түссе де осы киноның түсірілгені «бұл да бір біткен іс болды» (Әпенде Қожанасыр©).

Рухани бауырымды есі дұрыс адам ретінде ғаламдық экраннан көретін күнге де **жеттік-ау, әйтеуір...**

*Пы.Сы. Кинодан шыққан да көкірегіңді бір белгісіз ауру жайлап алады... Ол, бірақ, бронхит емес...)))*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhettik-au-yteuir-70450](https://yvision.kz/kk/post/zhettik-au-yteuir-70450)