---
title: "Жеткізейін, қалай саған сезімді? «Аудио өлең»"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Ром..."
author: "Aikosmuz"
published: "2016-04-20T11:22:56+00:00"
modified: "2016-04-20T11:22:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetkizeyin-alay-sa-an-sezimdi-audio-le-690012"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetkizeyin-alay-sa-an-sezimdi-audio-le-690012/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жеткізейін, қалай саған сезімді? «Аудио өлең»

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Ром...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Романтическая прелюдия»**

**Бейнематериал авторы – Beliar «Природа»**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте – https://vk.com/public56982889**

 
 
 
 

Самал жел боп, келсем бе екен, мен саған,

Бір көтеріп, көп сағынған еңсемді.

Сағынышта, сені іздеп сарғайған,

Мынау жаным, тағы іздейді көктемді.

 

Жаңбыр болып, келсем бе екен, мен саған,

Нөсерлетіп, гүл жайнатып, бар маңды.

Жұпар иіспен, талайларды мас қылған,

Пай шіркін-ай, бағалайық, сүйген жанды.

 

Әлде саған, келсем бе екен, ай болып,

Қараңғыда, ақ нұрыммен аймалап.

Қалмаса екен, гүл сезім, бақта солып,

Шын сезімсіз, қараңғыда қалтырап.

 

Болмайыншы, өзен болып, көп көрген,

Ағып жатқан тоқтамай, тағдырлардай.

Өйткені, мен бір жанмын, шын сүйген,

Тұрағы жоқ, болмайыншы ағындай.

 

Жеткізейін, қалай саған сезімді?

Сағынышта, саған жетіп, бір көрсем.

Сыйлайыншы, сүйген жанға мен көктем,

Бақ сезіммен, сұлу қылған әлемді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhetkizeyin-alay-sa-an-sezimdi-audio-le-690012](https://yvision.kz/kk/post/zhetkizeyin-alay-sa-an-sezimdi-audio-le-690012)