---
title: "Жетісу облысының тұрғыны 285 млн теңгеден астам ақшаға..."
description: "Жетісу облысының тұрғыны пайда табу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырған. Фото: kaztag.kz Оның бұл әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі. ҚМА ресми..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-23T09:58:00+00:00"
modified: "2024-05-23T09:58:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-oblysyny-t-r-yny-285-mln-te-geden-astam-a-sha-a-zhal-an-shot-fakturalar-zhasa-an-1004916"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-oblysyny-t-r-yny-285-mln-te-geden-astam-a-sha-a-zhal-an-shot-fakturalar-zhasa-an-1004916/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жетісу облысының тұрғыны 285 млн теңгеден астам ақшаға...

> Жетісу облысының тұрғыны пайда табу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырған. Фото: kaztag.kz Оның бұл әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі. ҚМА ресми...

*Жетісу облысының тұрғыны пайда табу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырған.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/7586855aeaafcf8920977df33f4954.jpg) *Фото: kaztag.kz*

Оның бұл әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі.

ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділовтің хабарлауынша, тергеу барысында аталған азаматтың басқа ЖШС-нің атына өзі бақылайтын ЖШС атынан мүліктік пайданы өндіру мақсатында шот-фактураларды беру әрекетін ұйымдастырып, соның салдарынан аса ірі көлемде залал келтіргені анықталған. Сол келтірілген 285 млн теңгеден астам шығын толығымен өтелді. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-oblysyny-t-r-yny-285-mln-te-geden-astam-a-sha-a-zhal-an-shot-fakturalar-zhasa-an-1004916](https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-oblysyny-t-r-yny-285-mln-te-geden-astam-a-sha-a-zhal-an-shot-fakturalar-zhasa-an-1004916)