---
title: "\"Жетісу\" футбол клубының директоры ұсталды"
description: "\"Жетісу\" футбол клубының директоры әрі жергілікті әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаев бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді. Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі...."
author: "jan.123"
published: "2024-06-03T13:34:43+00:00"
modified: "2024-06-03T13:34:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-futbol-klubyny-direktory-staldy-1005273"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-futbol-klubyny-direktory-staldy-1005273/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Жетісу" футбол клубының директоры ұсталды

> "Жетісу" футбол клубының директоры әрі жергілікті әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаев бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді. Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі....

*"Жетісу" футбол клубының директоры әрі жергілікті әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаев бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/31af0e8e7d7637d54a721d42861b5c.jpg)

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі.

Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұрынырақ оның 1,8 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені туралы хабарланған еді.

https://t.me/antikornews

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-futbol-klubyny-direktory-staldy-1005273](https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-futbol-klubyny-direktory-staldy-1005273)