---
title: "«Жетісу» алтыншы рет қатарынан ел чемпионы атанды"
description: "Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионаты бүгін аяқталады. Ал чемпион кеше анықт..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-02T23:48:48+00:00"
modified: "2014-04-02T23:48:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-altynshy-ret-atarynan-el-chempiony-atandy-407950"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-altynshy-ret-atarynan-el-chempiony-atandy-407950/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жетісу» алтыншы рет қатарынан ел чемпионы атанды

> Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионаты бүгін аяқталады. Ал чемпион кеше анықт...

[!\[«Жетісу» алтыншы рет қатарынан ел чемпионы атанды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/photo_3283-300x166.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/photo_3283.jpg) Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионаты бүгін аяқталады. Ал чемпион кеше анықталып, Талдықорғанның «Жетісуы» алтыншы рет қатарынан топ жарды,- деп хабарлайды [Tengrinews.kz](http://kaz.tengrinews.kz/). Ел чемпионатының Талдықорғанда өтіп жатқан алтыншы (соңғы) турында «Жетісу» төртінші рет жеңіске жетіп, саф алтынға қол жеткізді. Кеше «Алматы» аруларын үш сетте тізе бүктіріп, негізгі бәсекелесі «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) клубынан қара үзді. Бұл – Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «Жетісу» қыздарының биылғы маусымдағы 24-ші жеңісі. Талдықорған клубы биыл бес-ақ рет ұтылды. Міне, алтыншы жыл болды, елімізде еш клубқа алтын жүлдені ұстатар емес. Айтпақшы, кеше әйелдер арасындағы «Ұлттық лигада» тағы бір қызықты нәтиже тіркелді. 1 сәуірде, яғни күлкі күні дейсіз бе, әлде әзіл-оспақ күні дегіңіз келе ме, өз еркіңіз, Өскемен қыздары биылғы маусымда бірінші рет жеңіске жетті. Маусым басталғалы жеңілістен көз ашпай, 28 рет ұтылған «Шығыс-Свинецстрой» клубы 29-ыншы кездесуінде жеңіске жетіп, «Астана» аруларын бес сетте, яғни 3:2 есебімен ұтты. Сонымен ел чемпионатының аяқталуына бір күн қалғанда, жүлдегерлер толық анықталды. «Жетісу» алтынмен апталса, «Ертіс-Қазхром» күміспен күптелді. Қола жүлде «Алматы» аруларына бұйырды. 1. Жетісу – 72 ұпай 2. Ертіс-Қазхром – 67 3. Алматы – 51 4. Қарағанды – 47 5. Астана – 17 6. Шығыс-СвинецСтрой – 7 2013/2014 жылдар маусымында ел чемпионы атанған «Жетісу» клубының құрамы: № 1. Алена Омельченко (19.06.1989), № 2. Татьяна Пюрова (05.04.1982) – капитан, № 4. Наталья Матейчик (Беларусь, 22.01.1985), № 5. Ольга Наседкина (28.12.1982), № 7. Ольга Соболева (07.06.1985), № 8. Ишимцева Коринна (08.02.1984) – үйлестіруші, № 9. Ирина Шенбергер (20.02.1992), № 10. Марина Стороженко (06.06.1985) – либеро, № 11. Екатерина Татко (15.12.1992), № 13. Александра Исаева (14.07.1982) – үйлестіруші, № 14. Виктория Емельянчик (Беларусь, 30.01.1989), № 16. Людмила Анарбаева (12.11.1983). Бас бапкері – Асқар Шалқыбеков, жаттықтырушылары – Денис Исаев, Валерий Шиндов.

Осы жердесіз: [Негізгі бет](http://kaz.tengrinews.kz/) » [Спорт](http://kaz.tengrinews.kz/sports/) » [Спорт](http://kaz.tengrinews.kz/allsports/) [Толығырақ:](http://kaz.tengrinews.kz/allsports/)[http://kaz.tengrinews.kz/allsports/jetsu-altyinshyi-ret-kataryinan-el-chempionyi-atandyi-252669/](http://kaz.tengrinews.kz/allsports/jetsu-altyinshyi-ret-kataryinan-el-chempionyi-atandyi-252669/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-altynshy-ret-atarynan-el-chempiony-atandy-407950](https://yvision.kz/kk/post/zhetisu-altynshy-ret-atarynan-el-chempiony-atandy-407950)