---
title: "Жетістікке жетудің 8 қағидасы"
description: "Бұл дүниеге келген адамдардың көпшілігі, үлкен жетістіктерге жетіп, табысты азамат болуды армандайды..."
author: "MarzhanTemirkhan"
published: "2016-06-26T03:29:03+00:00"
modified: "2016-06-26T12:54:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetistikke-zhetudi-8-a-idasy-699559"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhetistikke-zhetudi-8-a-idasy-699559/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жетістікке жетудің 8 қағидасы

> Бұл дүниеге келген адамдардың көпшілігі, үлкен жетістіктерге жетіп, табысты азамат болуды армандайды...

Бұл дүниеге келген адамдардың көпшілігі, үлкен жетістіктерге жетіп, табысты азамат болуды армандайды. Себебі, қазіргі таңда табысты болу - бақытты болумен теңесіп тұр. Табыс сөзіне - денсаулық, жеке өмірде және кәсібінде жоғары биіктерден көріну, байлық, көпшілікке танылу, билік және т.б. ұғымдар кіреді. Табысты болу - қазіргі заманның тренді десем артық кеткенім болмас. Ал бұл мақсатқа жету үшін не істеу қажет? Осы тақырыпты қозғайық. Кеттік!

1.**Жауапкершілік.** Сіз байқайсыз ба? Кейбір адамдармен сөйлессеңіз, олардың бұл өмірде бақытсыз болғанына өзінен басқаның барлығы кінәлі: жұбайлары, жұмысындағы бастығы, мемлекет, үкімет, тіпті ауа-райы оларға қарсы. Өкінішті, себебі сол адамдардың қатарында мен де болғанмын. Алайда, табысты адам боламын десеңіз бұл ойлардан алшақ болып, өзіңізге жауапкершілікті жүктеуіңіз керек. Сіздің өміріңізде болып жатқан жақсы да, жаман да жаңалықтарға сіз жауаптысыз. Айналаңыздағы адамдар да сіздің айнаңыз! Егер осы қағиданы терең түсінсеңіз, құттықтаймын, табысқа жетуге бір қадам жақындадыңыз.

2. **Қателіктерден қорықпаңыз!** Өмірде сәтсіздікке ұшырасаңыз - бірден тұнжырап, өмірден үміт үзбей, керісінше, осы жағдайдан тәжірибе жинап, келесі жолы бұл қателікті болдыртпау үшін жұмыс жасау керек. Есіңізде болсын, қателіксіз жеңіс болмайды.

3. **Мақсаттарыңызды қағазға жазып жүріңіз!** Ертеңгі, аптаның, айдың, жылдың жоспарын жазу - өте жоғары эффективті әдет болып табылады. Адамдардың көпшілігі мақсат қоюды білмейді немесе қорқады, себебі белгіленген мақсатқа жетпей қалса, өзін-өзі төмен бағалай бастайды.

4.**Айналаңыздағы адамдарды сүзгіден өткізу!** Қарапайым тілмен айтқанда, фильтр! Адамдардың көпшілігі "бұл өмір жамандыққа толы, жаман адамдарға толы, бұл қолыңнан келмейді", - деп ойлайды және сол ойларын айналасындағы адамдарға инфекция тәрізді жұқтырады. Мұндай жұқпасы бар адамдардан аулақ болып, жан-жағыңызды позитивті, оптимизмге толы азаматтарға толтырыңыз.

5.**Ешқашан білімге ақшаны аямаңыз!** Бұл ақша болашақта 10 есе қайтады.

6.**Әрекетшіл болыңыз!** Әрекетсіз - нәтиже жоқ. Егер сізге ағылшын тілін оқу керек немесе салмақ тастау керек болса, бұл мәселені талқылай бермей, шешу жолын анықтап, тез арада іске кірісу қажет.

7. **Адамдармен тіл табыса біліңіз**. Адам - қоғамсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті, коммуникативтік дағдыларыңызды жетілдіруіңіз керек. Ол үшін Дейл Карнегидің "Как завоевать друзей" атты кітабын кеңес етемін.

8. **Уақытты бос өткізбеңіз!** Күннен күнге сіз 1 сек, 1мин, 1 сағ, 1 күнге, 1 жылға жасарып жатқан жоқсыз. Тайм менеджмент ұғымымен танысып, уақытты қалай дұрыс пайдалану қажет екенін оқығаныңыз абзал. Уақытты эффективті пайдаланыңыз!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhetistikke-zhetudi-8-a-idasy-699559](https://yvision.kz/kk/post/zhetistikke-zhetudi-8-a-idasy-699559)