---
title: "Жеті негізгі рухани сауал."
description: "[Тимоти Лири \"Құдайдың жеті тілі\"]1.Құдірет күш туралы.Ғаламдағы әсер етуші негізгі қуат, галактика ..."
author: "serikbai1953"
published: "2008-12-09T10:36:47+00:00"
modified: "2008-12-09T10:36:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheti-negizgi-ruhani-saual-4980"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheti-negizgi-ruhani-saual-4980/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жеті негізгі рухани сауал.

> [Тимоти Лири "Құдайдың жеті тілі"]1.Құдірет күш туралы.Ғаламдағы әсер етуші негізгі қуат, галактика ...

** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/serikbai1953/65lvyT3T5VdVQt708Sp2zN9KubSVYU.jpg) **

****

**[****[Тимоти Лири](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B8%D1%80%D0%B8,_%D0%A2%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D1%82%D0%B8)**** ****["Құдайдың жеті тілі"\]](http://www.koob.ru/leary_tim/liry1)**

**1.****Құдірет күш туралы****.** Ғаламдағы әсер етуші негізгі қуат, галактика мен атомдық ядроларды қозғалысқа келтіретін жоғарғы күш қандай? Мұның бәрі қай жерде және қалай басталды? Ғарыштық жоспар қандай? [Космология](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%81%D0%BC%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F).

**2. ****Өмір эволюциясы туралы сауал****.** Өмір деген не? Ол қай жерде және қалай басталды? Ол қалай эволюцияға ұшырайды? Қайда бағытталады? [Биология](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F), [эволюция](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D1%8E%D1%86%D0%B8%D1%8F), [генетика](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0).

**3. ****Адам туралы сауал****.**** **Адам деген кім? Ол қайдан келді? Оның құрылымы қандай? Оның қызметі неде? [Анатомия](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%8F) және [физиология](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B8%D0%B7%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F).

**4.****Сана туралы сауал****.**** **Адамның дүние танымы қандай, ол қалай сезінеді, ойлайды? [Гносеология](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%BD%D0%BE%D1%81%D0%B5%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F), [нейрология](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B5%D0%B9%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F).

**5. ****Э****го**** туралы сауал****.******

Мен кіммін? Бұл ғарыштық жоспарда маған қандай рухани, психологиялық, социалдық рөл берілген? Менің не істеуім керек? Социалдық (әлеуметтік) психология.

**6. ****Эмоциялар туралы сауал****.** Бұған байланысты менің не сезінуім керек? Психиатрия. Тұлғалық психология.

**7. ****Финалдық (ақырғы) дүниеден өту туралы сауал****.** Бұл жерден мен қалай кетемін? Анестезиология (қызығулық және кәсіби). [Эсхатология](http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D1%81%D1%85%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F).

Тимоти Лиридің бұл сауалдарында өмірлік маңызды мәселелер жатыр. Және де бұл сауалдарға жауап беретін ғылымдар сауал соңында келтірілген. Ал сіздің бұл тұрғыдағы өз пайымдауларыңыз қандай?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheti-negizgi-ruhani-saual-4980](https://yvision.kz/kk/post/zheti-negizgi-ruhani-saual-4980)