---
title: "Жеті бөлшек мобилдік ойынына шолу"
description: "Бүгін Сіздерді балаларды дамытуға арналған \"Қадам\" атты ойындар жинағының алғашқысы “Жеті бөлшек” ..."
author: "I_was_here"
published: "2016-11-28T11:02:13+00:00"
modified: "2016-11-28T13:18:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheti-b-lshek-mobildik-oyynyna-sholu-728896"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheti-b-lshek-mobildik-oyynyna-sholu-728896/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жеті бөлшек мобилдік ойынына шолу

> Бүгін Сіздерді балаларды дамытуға арналған "Қадам" атты ойындар жинағының алғашқысы “Жеті бөлшек” ...

Бүгін Сіздерді балаларды дамытуға арналған **"Қадам"** атты ойындар жинағының алғашқысы **“Жеті бөлшек”** мобилдік ойынымен таңыстырғым келеді. Отандық өнім ұлттық нақыштағы дизайнымен және құлақтың құрышын қандыратын әуенмен ерекшеленеді. Бұл ойын балалары, сіңлілері, қарындастары мен інілерінің логикасын дамытқысы келетін, олардың тәрбиесіне аландайтын, жалпы отандық өнімді қолдайтын азаматтарға қызық болады.

![Жеті бөлшек мобилдік ойынына шолу](https://storage.yvision.kz/images/user/i_was_here/J0oyM8Fw4d043K4bOC0ZOej40SNMc1.jpg)

[https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.insaai.kadam.tangram](https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.insaai.kadam.tangram) жүктеу.

Ойын балаларға ыңғайлы, әрі түсінікті етіп жасалған. Тіпті әріп танымайтын бала да, түк қиналмастан бір рет көрсеткеннен кейін өзі алып кете алады. Балалардың жағымды эмоция тудыру мақсатында, ашық жылы реңкті түстер ғана қолданылған. Әр түстің қолданудың өз мағынасы бар. “Құлақтан кіріп, бойды алар, тәтті ән мен сазды күй”- демекші, ұлттық музыкаға баулу мақсатында Құрманғазының таңдаулы деген 12 күйлері қосылған.

![Жеті бөлшек мобилдік ойынына шолу](https://storage.yvision.kz/images/user/i_was_here/zECo6a5SRTzn40ME3Pk4a1uour0Lif.jpg)

Мобилдік ойын “Инсаай” тобының логотипінің сәлемдесуінен бастталады. Одан кейін тілдерді таңдау панелдері, ойынның басты беті және ойынды түсіндіретін анимацияланған ойын шартын көруге болады.

![Жеті бөлшек мобилдік ойынына шолу](https://storage.yvision.kz/images/user/i_was_here/X6yn2gE5QCZ8r5I84hvbh36EqUGQ7J.jpg)

Меню-әрқайсында 12 ойындары бар, 7 панелден құралған. Ойын панелінің дизайнын жасауға алқа, тұмар секілді бұйымдар арқау болды. Үйреншікті "Home" батырмасының орнына, этно стилді қолдау мақсатында киіз үйге ауыстырылды.

**Автордан:**

Кеннеди : “Елің саған не істей алады деп сұрама, ал сен еліңе не істей аласын деп сұра”- дегендей, біз - елдің жанашыр жастары, тәуелсіздіктің құрдастары, программист пен дизайнер ойлана келе, баларға арналған, әсіресе, қазақ тіліндегі қосымшалардың аздығын байқап, осы саланы зерттеп, “Қадам” атты ойындар жинағын жасауға бел будық.Қадам сөзі - баланың алғашқы қадамы секілді, алға ұмтылу, өмірді тану, даму деген мағыналас ойды беруіжанымызға жылу ұялатты. Басты ниетіміз балалардың дамуына көмектесетін сапалы, көзге тартымды этно стиліндегі дизайны бар қосымшалар жасау және жасаған еңбегіміз нысанға дөп түсіп, балалар арасында көзайым болып жатқаның көрсек,таңдаған жолымыздың оң болғанына көз жеткізер едік.

Көш жүре түзеледі демекші,бұл ойынды шын көңілмен ұсынып отырған екі жастың еңбегін бағалауыңызды сұраймыз. Орынды сындардан қашқақтамай, керісінше құлақ салып, дамуға тырысамыз.Сіздердің тараптарыңыздан келетін ұсыныстар мен пікірлер назарсыз қалмайтынына кепілдік береміз.

P/s: Кез - келген жобаның дамуы қаражатқа байланысты екені анық. Егер осы жоба Сіздің көңіліңізден шықса, ойынды сатып алу арқылы бізді қолдай аласыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheti-b-lshek-mobildik-oyynyna-sholu-728896](https://yvision.kz/kk/post/zheti-b-lshek-mobildik-oyynyna-sholu-728896)