---
title: "Жерлесіміз Татьяна Аманжол еркін күрестен әлемдік рейтингте көш бастап тұр"
description: "Азия чемпионы Татьяна Аманжол 51 кг салмақ дәрежесінде ФИЛА әлемдік рейтингінде көш бастады. Б..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-25T22:38:51+00:00"
modified: "2013-06-25T22:38:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zherlesimiz-tatyana-amanzhol-erkin-k-resten-lemdik-reytingte-k-sh-bastap-t-r-359428"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zherlesimiz-tatyana-amanzhol-erkin-k-resten-lemdik-reytingte-k-sh-bastap-t-r-359428/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жерлесіміз Татьяна Аманжол еркін күрестен әлемдік рейтингте көш бастап тұр

> Азия чемпионы Татьяна Аманжол 51 кг салмақ дәрежесінде ФИЛА әлемдік рейтингінде көш бастады. Б...

[!\[Жерлесіміз Татьяна Аманжол еркін күрестен әлемдік рейтингте көш бастап тұр\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/2bc32bde183ea38c3ebcd0cd9216a6c2-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/2bc32bde183ea38c3ebcd0cd9216a6c2.jpg)

 
 

Азия чемпионы Татьяна Аманжол 51 кг салмақ дәрежесінде ФИЛА әлемдік рейтингінде көш бастады. Бұған дейін оның алдында Канада спортшысы Джесика Макдональдс тұрған болатын, Сассариде (Италия) өткен Голден Гран-Придегі жеңісінен кейін Татьяна оның алдын орады, деп жазады [Sports.kz](http://sports.kz/) ҚР КФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, әлемдік рейтингте әлем және Азия чемпионаттары сынды ресми біріншіліктермен қатар, Гран-при сериясындағы жарыстар да ескеріледі.

51 кг салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікті жапон спортшысы Юи Мияхара бекітті. Тағы бір жағымды жаңалық: 51 кг салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингтің төртінші орнына біздің тағы бір жерлесіміз Кристина Яловенко орналасты. Ол бұл көрсеткіште Германияда өткен Голден Гран-придегі жеңісінен кейін қол жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zherlesimiz-tatyana-amanzhol-erkin-k-resten-lemdik-reytingte-k-sh-bastap-t-r-359428](https://yvision.kz/kk/post/zherlesimiz-tatyana-amanzhol-erkin-k-resten-lemdik-reytingte-k-sh-bastap-t-r-359428)