---
title: "Жерлесіміз Дмитрий Петрухин 175 метр биіктіктен секірді"
description: "Отандық байкер Дмитрий Петрухин Виктория сарқырамасында арқан арқылы 175 метр биіктіктен секірді. ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-01T23:22:59+00:00"
modified: "2014-04-01T23:22:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zherlesimiz-dmitriy-petruhin-175-metr-biiktikten-sekirdi-407797"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zherlesimiz-dmitriy-petruhin-175-metr-biiktikten-sekirdi-407797/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жерлесіміз Дмитрий Петрухин 175 метр биіктіктен секірді

> Отандық байкер Дмитрий Петрухин Виктория сарқырамасында арқан арқылы 175 метр биіктіктен секірді. ...

[!\[Жерлесіміз Дмитрий Петрухин 175 метр биіктіктен секірді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/3fcd8f90952a19354e6b0c4b58be99e3_L-300x268.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/3fcd8f90952a19354e6b0c4b58be99e3_L.jpg)

Отандық байкер Дмитрий Петрухин Виктория сарқырамасында арқан арқылы 175 метр биіктіктен секірді.

Осы 57 жастағы саяхатшының ерлігі талайды тәнті етті. Себебі, өз елінің байрағын арқасына байлап секірген жағдай бұрын-соңды болмаған. Айта кетейік, Дмитрий Петрухин қазір Африка елдерін аралап жүр. Мақсаты – елімізде өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін кеңінен насихаттау.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zherlesimiz-dmitriy-petruhin-175-metr-biiktikten-sekirdi-407797](https://yvision.kz/kk/post/zherlesimiz-dmitriy-petruhin-175-metr-biiktikten-sekirdi-407797)