---
title: "Жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілді байытудағы маңызы"
description: "Диалектолог-ғалым, профессор Ғ.Қалиев өзінің диалектология ғылымы саласындағы көп жылдық еңбегінің ..."
author: "makala"
published: "2014-11-11T04:05:59+00:00"
modified: "2014-11-11T04:05:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-til-erekshelikterini-debi-tildi-bayytuda-y-ma-yzy-438886"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-til-erekshelikterini-debi-tildi-bayytuda-y-ma-yzy-438886/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілді байытудағы маңызы

> Диалектолог-ғалым, профессор Ғ.Қалиев өзінің диалектология ғылымы саласындағы көп жылдық еңбегінің ...

![Жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілді байытудағы маңызы](http://www.serke.org/sites/default/files/1_426.jpg)

Диалектолог-ғалым, профессор Ғ.Қалиев өзінің диалектология ғылымы саласындағы көп жылдық еңбегінің нәтижесінде студенттерге төмендегідей дәріс оқи отыра «... Диалектілік лексика туралы сөз болғанда, ерекше бір тоқтала кететін жәйт оның ұлттық әдеби тілге қатысы жайында болмақ. Бұл өзі – қазақ тіл білімінде көптен бері көтеріліп жүргеніне қарамастан, әлі зерттеле қоймаған мәселенің бірі. Бұл жайында айтылып жүрген пікірлер әдеби тілге кіріп орныққан немесе кіруге лайық аздаған сөздердің айналасында ғана болып келеді. СССР халықтары әдеби тілдерінің дамуы туралы 1962 жылғы бүкіл одақтық конференцияда проф. И. А. Батманов түркі тілдеріндегі диалектілердің зерттелу сипатына тоқтала келіп: «Диалектілерді статистикалық сипаттаудан енді олардың әдеби тілмен өзара байланысының, қарым-қатынасының табиғатын айқындауға көшетін мезгіл жетті», - деді (Вопросы развития литературных языков народов СССР в советскую эпоху. Материалы всесоюзной конференции. Алма-Ата, 1964, стр. 232). (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/oku-adisteme/kazak-auditoriasy/4294-jergilikty-til-erekshelikterynyn-adebi-tildi-baiytudagy-manizi))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-til-erekshelikterini-debi-tildi-bayytuda-y-ma-yzy-438886](https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-til-erekshelikterini-debi-tildi-bayytuda-y-ma-yzy-438886)