---
title: "Жергілікті полиция қызметі қатарына қабылдау жалғасуда"
description: "Ағымдағы жылдың 13 наурызында сағат 15.00-де Ақтоғай ауданындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжі..."
author: "CRMI"
published: "2017-03-13T22:11:35+00:00"
modified: "2017-03-13T22:11:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-policiya-yzmeti-ataryna-abyldau-zhal-asuda-759914"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-policiya-yzmeti-ataryna-abyldau-zhal-asuda-759914/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жергілікті полиция қызметі қатарына қабылдау жалғасуда

> Ағымдағы жылдың 13 наурызында сағат 15.00-де Ақтоғай ауданындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжі...

Ағымдағы жылдың 13 наурызында сағат 15.00-де Ақтоғай ауданындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында «Жергілікті полиция қызметі қатарына қабылдау» тақырыбында жергілікті полиция бастығы С.Сейпадамовтың аудан бойынша өзін өзі қамтыған жастармен кездесуі өтті. Кездесуді Ақтоғай ауданындағы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Алханов, жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Сейпадамов және «Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жас Қанат» жастар ресурстық орталығы» КММ директоры С.Аягановтың бастауымен ұйымдастырылды.

![Жергілікті полиция қызметі қатарына қабылдау жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/9pQHsTMDM6ea60QK2fVFjDk4DWF7kM.jpg)

Кездесу барысында жергілікті полиция қатарына қызметке қабылдау тәртібі мен бос орындар туралы ақпарат берілді. Іс-шараның мақсаты өзін өзі қамтыған аудан жастарының жергілікті полиция қызметі қатарына жұмысқа қабылдау.

![Жергілікті полиция қызметі қатарына қабылдау жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/yGOyuV3ZA1gon9r63upJVYnHSFh41p.jpg)

Алдағы уақытта да аталмыш бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-policiya-yzmeti-ataryna-abyldau-zhal-asuda-759914](https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-policiya-yzmeti-ataryna-abyldau-zhal-asuda-759914)