---
title: "Жергілікті атқару органдарының құзыреті"
description: "Айыртау ауданының №2 аудандық сотында «Жергілікті атқару органдарының құзыреті» тақырыбында дөңгелек..."
author: "sko_sud"
published: "2015-01-21T10:09:36+00:00"
modified: "2015-01-21T10:09:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-at-aru-organdaryny-zyreti-462358"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-at-aru-organdaryny-zyreti-462358/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жергілікті атқару органдарының құзыреті

> Айыртау ауданының №2 аудандық сотында «Жергілікті атқару органдарының құзыреті» тақырыбында дөңгелек...

![Жергілікті атқару органдарының құзыреті](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/wF99k29i93eznfAnT9vHisfQAoWtHp.jpg)

Айыртау ауданының №2 аудандық сотында «Жергілікті атқару органдарының құзыреті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Соның барысында жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің кейбір ережелері талқыланды.

Осы іс-шараға Айыртау ауданының №2 аудандық сотының судьялары мен мамандары, Айыртау ауданының №2 ҚАИ инспекторы, «Арықбалық селолық округі» ММ-нің мамандары, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты қатысты.

Айыртау ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.С. Парманов өз баямандасында, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының жаңа заңнамасына сәйкес әлеуметтік және өзге де көмек көрсетеді.

Айыртау ауданының №2 ҚАИ инспекторы С.С. Жанахметова жаңа заңнама бойынша сотталғандардың жазасын өтеу ережелері жөнінде баяндады.

Аталмыш іс-шара барысында 2015 жылғы 1 қаңтарда заң күшіне енген қылмыстық-атқару кодексі бойынша негізгі мәселелер талқыланды.

Іс-шара соңында семинарға қатысушылар болашақта жұмыста қолдану үшін ұсыныстар әзірледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-at-aru-organdaryny-zyreti-462358](https://yvision.kz/kk/post/zhergilikti-at-aru-organdaryny-zyreti-462358)