---
title: "Жерді сата беріңдер, жеріміз көп қой..."
description: "Иә, көп адам \"Жерді сата беріңдер, жеріміз көп қой...\" деп жүргенін өз құлағыммен естідім. Құдайым а..."
author: "nuri123"
published: "2016-04-24T11:16:01+00:00"
modified: "2016-04-24T11:21:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zherdi-sata-beri-der-zherimiz-k-p-oy-689870"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zherdi-sata-beri-der-zherimiz-k-p-oy-689870/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жерді сата беріңдер, жеріміз көп қой...

> Иә, көп адам "Жерді сата беріңдер, жеріміз көп қой..." деп жүргенін өз құлағыммен естідім. Құдайым а...

Иә, көп адам "Жерді сата беріңдер, жеріміз көп қой..." деп жүргенін өз құлағыммен естідім. Құдайым ау, бұл не масқара! Бүгін жеріңді сатсаң, ертең қатыныңды, содан соң бала шағаңды да сатасың ғой...

Көпке топырақ шашудан аулақпын. Халыққа бәрібір сияқты, әсіресе, жастарға. Саясатта не болып жатыр, тіліміз не болып жатыр, еліміз не болып жатыр қызықтырмайды. ЖЕРІМІЗ САТЫЛЫП Я БОЛМАСА ЖАЛҒА БЕРІЛІП ЖАТСА ДА, ішкен жегеніне, кафеден кафе, түнгі клубтан түнгі клуб қыдырып, жеке бас амандығына риза болып жүре беретін болып кеткенбіз бе, қалай өзі... Жеке бастың мәселесі ешқашан бітпейді, бірақ, жерімізден айрылсақ, құлдық өмірдің көкесін көреміз. Кейбір ел сенген ағалар да бас көтере алмай тұр бұл мәселеге. Жерді жалға бердің не, саттың не? Екеуі бір дүние. Бүгін жалға алса, ертең төрімізде тайраңдамасына кім кепіл болады? [#жерсатылмасын](https://vk.com/feed?section=search&q=%23%D0%B6%D0%B5%D1%80%D1%81%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/nuri123/zOe0m9QWHVmTYLIMPOoFzWKOPJhDA9.jpg)

> @[serik_abasshakh_officialpage](http://serik_abasshakh_officialpage.yvision.kz) ・・・ 24.04.2016 "Бірдеңені істемес, айтпас бұрын (терең) ойланатын" Бекболат, жер мәселесіне қатысты пікір білдіру үшін жарты айға жуық "қабырғасымен кеңескен сияқты". Бекеңнің КТК тілшісінен тығыла қашып, "күлкісіз, ұйқысыз жүріп пісірген" "толғақты" ойлары мынадай болып шықты: 1."Жер сатылмайды". 2."Жер 25 жылға жалға беріледі". 3."Ж е р д і ң и е с і б о л у к е р е к". Әрине, су жаңа депутаттың ескірген мәлімдемесі бізге "сенсация" болды десек, артық кетпейміз. Осындай "құнды мәліметі" үшін "елжандылығы айқын" (М.Тазабектің берген бағасы) азаматқа қалай риза болмайсың? Алғысымыз шексіз. Бірақ, өз өзімізге қоятын сұрақтар бар: 1.Егер жер сатылмасын анық білсе, Бекең бұл туралы бірден пікір айтуға неге жүрексінді? Заңда таңбаланып, "ағар арнасы" анықталған мәселеге қатысты ой білдіруге екі апталық "толғақ" не үшін қажет болды? "Шегірткеден қорықса, егін егіп" несі бар? 2.Егер жердің 25 жылға жалға берілетін анық білсе, Бекең оны айтуға ... (жалғасы 1-сұрақтағыдай) 3.Бекең "жер иесі болу керектігін" шегелеп айтыпты. Түсінікті, бірақ, түсініксіз. "Жерді жалға алушы" қалай "жер иесі" бола алады? Ал, егер оны "жер иесі" ретінде танысақ, ол неге "жалға алушы" болып саналады? 4.Кезінде қазақтың Бекболаты атанған дарынды өнерпаздың "Нұр Отанның" "партболатына" айналып, әбден шатасып кеткені өкінішті... """"""""""""""""""""""""""""""""""""""""""" Р.S. Намыс дегеніміз батылдықты талап ететін ұғым. Ал, имандылық - руxани тазалықты қажетсінеді. (ПыСына көңіл бөлмеңіз, жәй, әшейін айтыла салған сөз ғой)

Ұлтарақтай болса да,

Ата-қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып өскен ел қымбат!

Жер үшін қасық қаны қалғанша күрескен ата бабамыздың қарғысына қалмайық!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zherdi-sata-beri-der-zherimiz-k-p-oy-689870](https://yvision.kz/kk/post/zherdi-sata-beri-der-zherimiz-k-p-oy-689870)