---
title: "«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу жәнеберу»"
description: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесін..."
author: "ceka"
published: "2014-08-31T22:46:49+00:00"
modified: "2014-08-31T22:46:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-uchaskesine-zheke-menshik-y-yna-aktilerdi-resimdeu-zh-neberu-427642"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-uchaskesine-zheke-menshik-y-yna-aktilerdi-resimdeu-zh-neberu-427642/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу жәнеберу»

> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесін...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу жәнеберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша қызмет көрсетіледі.
1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1.1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні берген кезде – 6 (алты) жұмыс күні; 

2.2 көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға:

мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме;

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен жерге орналастыру жобасының көшірмесі (жерге орналастыру жобасын көрсетілетін қызметті беруші дайындаған жағдайда, жерге орналастыру жобасын ұсыну қажет емес);

4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі (жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша жұмыстарды көрсетілетін қызметті беруші орындаған жағдайда, шекараларды белгілеу жөніндегі материалдарды ұсыну қажет емес);

5) жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін, нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар беріледі;

6) жер учаскесін сатып алу-сату шартының көшірмесі (жер учаскесін сатқан кезде);

7) уәкілетті органның жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезінде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесін сату кезінде) анықтамасы;

8) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат;

9) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

10) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

11) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме;

3) жер учаскесін сатып алу-сату шартының көшірмесі (жер учаскесін сатқан кезде);

4) уәкілетті органның жер учаскесiн сатып алу бағасын төлеу туралы, сондай-ақ жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезінде мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы (жер учаскесін сатқан кезде) анықтамасы;

5) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырылған сенімхат;

6) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

8) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) жергілікті атқарушы органның бұрын жеке меншік құқығымен берiлген жер учаскесінің сәйкестендiру сипаттамаларын өзгерту туралы шешімінен үзінді көшірменің және/немесе жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгергенін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;

3) уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының көшірмесі (жерге орналастыру жобасын көрсетілетін қызметті беруші дайындаған жағдайда, жерге орналастыру жобасын ұсыну қажет емес);

4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың көшірмесі (жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша жұмыстарды көрсетілетін қызметті беруші орындаған жағдайда, шекараларды белгілеу жөніндегі материалдарды ұсыну қажет емес);

5) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат;

6) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

8) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ауыстыру кезінде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат;

3) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);

4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

5) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған кезде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат өзгерген жағдайда, бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ауыстыру кезінде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні беруге өтініш;

2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

3) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат;

4) жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек); 

5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындаған жағдайда осы фактіні растайтын құжат;

6) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zher-uchaskesine-zheke-menshik-y-yna-aktilerdi-resimdeu-zh-neberu-427642](https://yvision.kz/kk/post/zher-uchaskesine-zheke-menshik-y-yna-aktilerdi-resimdeu-zh-neberu-427642)