---
title: "Жер туралы комиссияның келесі отырысы Ақмола облысында өтеді"
description: "Жер туралы комиссияның келесі аптадағы кеңесі Ақмола облысында өтетін болды. Бұл туралы Премьер-мини..."
author: "msh"
published: "2016-05-30T00:20:13+00:00"
modified: "2016-05-30T00:20:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-turaly-komissiyany-kelesi-otyrysy-a-mola-oblysynda-tedi-695410"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-turaly-komissiyany-kelesi-otyrysy-a-mola-oblysynda-tedi-695410/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жер туралы комиссияның келесі отырысы Ақмола облысында өтеді

> Жер туралы комиссияның келесі аптадағы кеңесі Ақмола облысында өтетін болды. Бұл туралы Премьер-мини...

[!\[78598a5c79a3065f27c8400bb6f613ab_L\](http://mgov.kz/wp-content/uploads/2016/05/78598a5c79a3065f27c8400bb6f613ab_L.jpg)](http://mgov.kz/wp-content/uploads/2016/05/78598a5c79a3065f27c8400bb6f613ab_L.jpg)Жер туралы комиссияның келесі аптадағы кеңесі Ақмола облысында өтетін болды.

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев айтты. Ал тамыз айында комиссия қорытынды жұмысқа кіріспек. Үш сағаттан астам уақытқа созылған бүгінгі басқосуға қатысушылар жерді шетелдіктерге жалға берудің жайын талқылады. Түрлі ұсыныстар айтылып, жиналғандар өз ойларын ортаға салды. Сағынтаев қандай талас болмасын, ең алдымен елдің бірлігі, тұтастығы мен татулығы қымбат деген ойын білдірді. Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары: – Әлеуметтік саладағы ойлардың бәрі жеткізіліп жатыр. Ұсыныстар келіп жатыр, кейбір шешілмей жатқан мәселелер көтеріліп жатыр. Сол себептен біздің комиссияның құрылғанының бір дұрыстығы – ол тек қана бір жер емес, басқа да мәселелерді көтеріп жеткізетін алаң болғандығы. Мен айтқандарыңызды жазып алып отырмын, Үкіметке тиістісін қарындашқа аламыз, қараймыз, ұсыныстың бәрі жақсы, айтылды. Штаб арқылы қарап, сосын бір жүйеге келтіретін боламыз. Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/122083-kelesi-otyrysy-a-mola-oblysynda-tedi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zher-turaly-komissiyany-kelesi-otyrysy-a-mola-oblysynda-tedi-695410](https://yvision.kz/kk/post/zher-turaly-komissiyany-kelesi-otyrysy-a-mola-oblysynda-tedi-695410)