---
title: "Жер комиссиясының мүшелері жұма күні Көкшетауға барады"
description: "Жер реформасы бойынша құрылған арнайы комиссия мүшелері жұма күні Көкшетауға барады. Бұл туралы бүгі..."
author: "msh"
published: "2016-06-01T23:27:18+00:00"
modified: "2016-06-01T23:27:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-komissiyasyny-m-sheleri-zh-ma-k-ni-k-kshetau-a-barady-695887"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-komissiyasyny-m-sheleri-zh-ma-k-ni-k-kshetau-a-barady-695887/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жер комиссиясының мүшелері жұма күні Көкшетауға барады

> Жер реформасы бойынша құрылған арнайы комиссия мүшелері жұма күні Көкшетауға барады. Бұл туралы бүгі...

[!\[27995dd4e88ac36b828b06827538de0e_L\](http://mgov.kz/wp-content/uploads/2016/06/27995dd4e88ac36b828b06827538de0e_L-1.jpg)](http://mgov.kz/wp-content/uploads/2016/06/27995dd4e88ac36b828b06827538de0e_L-1.jpg)Жер реформасы бойынша құрылған арнайы комиссия мүшелері жұма күні Көкшетауға барады.

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министірінің орынбасары Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Басты мақсат – жерді игеріп жүрген шаруалардың жаңа реформа туралы ой-пікірін білу. Дегенмен кез келген азамат Jerturaly.kz порталы немесе Сall-орталығы арқылы өзін толғандырған сұрақтарды қоя алады. Қазірдің өзінде 14-34 нөміріне 5 мыңға жуық қоңырау шалынса, интернет сайтқа 700-ден астам сауал мен ұсыныс келген. Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: – Қазір нақты біржақты шешім қабылдау ерте. Қазір ұсыныстар мен пікірлер жинақталып жатыр. Біз бұл кездесуге барлық мәселелерді жан-жақты талқылаймыз. Жиынға келушілерге ешқандай шектеу жоқ. Қалаған адам келіп, өзін толғандырған сұраққа жауап ала алады. Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/122687-ni-k-kshetau-a-barady

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zher-komissiyasyny-m-sheleri-zh-ma-k-ni-k-kshetau-a-barady-695887](https://yvision.kz/kk/post/zher-komissiyasyny-m-sheleri-zh-ma-k-ni-k-kshetau-a-barady-695887)