---
title: "Жер инспекциясы басқармасында өзекті мәселелер кездесу барысында қарастырылды"
description: "А.ж. 12 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-15T07:09:04+00:00"
modified: "2017-05-15T07:09:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-inspekciyasy-bas-armasynda-zekti-m-seleler-kezdesu-barysynda-arastyryldy-766775"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-inspekciyasy-bas-armasynda-zekti-m-seleler-kezdesu-barysynda-arastyryldy-766775/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жер инспекциясы басқармасында өзекті мәселелер кездесу барысында қарастырылды

> А.ж. 12 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ...

![Жер инспекциясы басқармасында өзекті мәселелер кездесу барысында қарастырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/0L8mMm1fW6b9rxRA7Yu5pVXV1zNT5Q.jpg)

А.ж. 12 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаментінің қызметкері Д.С.Әлдименовамен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасының қызметкерлері үшін кездесу өткізілді.

Кездесу барысында әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу сұрақтары, оның ішінде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлердің тестiлеу бағдарламалары мен қағидалары түсіндірілді.

Сонымен қатар, Департамент қызметкері мемлекеттік қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауға, қызметшілердің оқуы мен тағылымдамадан өтуіне назар аударды.

Және де мүдделер қақтығысы туралы түсінік беріліп, ол туындаған жағдайда қолданылатын іс-әрекеттер тәртібі туралы айтылды.

Семинар барысында қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zher-inspekciyasy-bas-armasynda-zekti-m-seleler-kezdesu-barysynda-arastyryldy-766775](https://yvision.kz/kk/post/zher-inspekciyasy-bas-armasynda-zekti-m-seleler-kezdesu-barysynda-arastyryldy-766775)