---
title: "Жер қатынастары бойынша ақпараттық –анықтамалық материалдар"
description: "I. МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ 1. Жерді жеке меншікке кім сатып алады? Бірде ..."
author: "AdilNazar"
published: "2016-05-03T00:46:56+00:00"
modified: "2016-05-03T02:11:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-atynastary-boyynsha-a-paratty-any-tamaly-materialdar-691483"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-atynastary-boyynsha-a-paratty-any-tamaly-materialdar-691483/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жер қатынастары бойынша ақпараттық –анықтамалық материалдар

> I. МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ 1. Жерді жеке меншікке кім сатып алады? Бірде ...

**I. МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН АҚПАРАТ**

***1. Жерді жеке меншікке кім сатып алады?***

Бірде бір шетелдік Қазақстан жерінің бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар. Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Мынаны ескерткіміз келеді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы қазіргі айналымдағы 100,8 млн га жердің 1,3 млн га жері Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде, ал 99,5 млн га жер жалға берілген. Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлық, дақылдық, жемдік, көкөністік –бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі және бұндай жерлерде мал шаруашылығымен және ет-сүт өндірісімен шұғылданады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ақшалай түрінде 2,7 трлн. теңгені құрады.

99,5 млн га жердің шетелдіктерге 65 мың га жері ғана берілген – бұл шамамен 0,06% - оның өзі жалға берілген. Атап өткен жөн, оның ең көп бөлігі -45 мың га – бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген, олардың үлесін қазақстандықтар тікелей иелік етеді. Мысалы, Ақмола обласында 2010 жылы американдық Global Beef компаниясымен (капиталдық үлесі *15%* ) «KazBeef Ltd» ЖШС бірлесіп құрылды. Кәсіпорын жер телімінің көлемі 154,8 мың га, оның ішінде: егістік -13,2 мың га, шабындық - 141,6 мың га.

Компания елімізде алғашқылардың бірі болып тұқымдық таза ангус және герефорд малы тұқымдарын алып келе бастады, сөйтіп сапасы жоғары ет өндірісінің толық циклін құру жолын бастады. Биыл 2015 жылдың қорытындысы бойынша жоғары сапалы 2014 тонна ет экспортталды. Қазір кәсіпорында 85 - ге жуық адам жұмыс істейді, олардың ішінде бірде бір шетелдік жоқ.

Сондай-ақ, Солтүстік –Қазақстан облысында қытай инвесторларының қатысуымен май дақылдарын өндірісі мен қайта ұқсату бойынша пилоттық кооперативті құру іске асырылуды. Аталған жоба кластерлік жолға қойылған, ол 12 мың га жер көлемінде май дақылдарын өсіру және оны өсімдік майын қайта өңдеу үшін май экстракциялау заводының құрылысы салынбақшы. Барлығы кооператив 9 ауылшаруашылығы өндірушілерінің басын қосады.

Жалға берілген жерлердің кейбір өңірлер бойынша жерді таратуы мынандай: Ақтөбе облысында - 29 мың. га, Жамбыл облысында – 13,5 мың. га, Ақмола облысында – 8,6 мың га.

Ал ресейліктер болса 10 236 га жалға береді, Қытай резиденттері - 282 га, ОАЭ - 859 га, Түркия - 7 га және тағы басқаларға жалға берілген.

***2. Заңнама қаншалықты жерді жеке меншікке алу үшін шетелдіктердің айналып өтуінің мүмкіндіктерін ескере ме?***

Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға тиым салған, сондай-ақ шетелдіктерге салынған шектеулердің айналып өту тетіктерін де ескереді.

Егер де шетелдіктер жеке меншігіне жалған неке арқылы қулығын асырып жерді сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе әділет органдары бұндай жағдайларды тіркеу үшін қабылдамайды.

Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелікте туындамайды.

Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Сонымен бірге, заңнамалық шектеу туралы шетелдік азамат және әлеуетті сатып алушы нотариусқа келісім жасауға келгенде де біледі.

Мемлекет нотариустың тиым салуын, оларды жауапкершілікке тартумен белгілеген. Бұл кезде келісімдердің құқықтық салдары болмайды.

***3. Қоғамда шетелдіктер жерге жеке меншік құқы бар қазақстандық заңды тұлғаның үлесін сатып алу жолымен жер телімдерін алуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл солай ма?***

Бұл мәселені екі жақты қарауға болады.

Біріншісі. Егер де шетелдік сатып алатын үлес 50%- тен асатын болса, онда бұндай заңды тұлғаның жер телімдері үш айдың ішінде алынуға жатады немесе жер пайдалану (жалға беру) құқығы қайта хатталуы қажет.

Бұл талапты орындамаған кезде, Әкімдік жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы шағым береді.

Мемлекет өз кезегінде бұндай фактілерді ақпараттық жүйелердің бірлескен іс қимылы арқылы анықтайтын болады, ондай ақпарат заңды тұлғалар үлесінің мөлшері және барлық заңды тұлғалар – жер телімінің иелері туралы ақпараттан тұрады.

Егер де жеке меншігінде жер құқығы бар заңды тұлғалар анықталған кезде, шетелдіктердің үлесі 50%-тен асса, бұл ақпарат әкімдікте жерді алу үшін, жер телімін жалға беру құқығын қайта қарау немесе сотқа оны қайтару жөнінде шағым бойынша жұмыс істеуге жіберілетін болады.

Екінші. Егер де шетелдіктің үлесі 50% -тен кем болса, заңды тұлға үшін ештеңе болмайды.

***4.* *Егер де**,* *шетелдік* *50%* *-тен кем үлес сатып алған болса, бұндай заңды тұлға шектеуді айналып өтпей ме**?***

Бұл күмәнді сейтсек деймін.

Азаматтық кодекске сәйкес, бұндай шетелдік – заңды тұлға иесі оның мүлкіне, оның ішінде жер теліміне де құқығы болмайды, тек жарғы капиталындағы үлес құқығына ғана ие.

Басқа сөзбен айтқанда, бұндай жер телімдерінің иелері шетелдік азамат емес, заңды тұлға – біздің заң бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін Қазақстан резиденті болып табылады.

Егер де шетелдік қатысушылар құрамынан шыққысы келсе және өзінің жер үлесін алғы келсе, оған ондай мүмкіндік жоқ, өйткені ол жер құқығын тіркей алмайды.

Бұл жағдай - заңды тұлға қатысушысы жұбайлар болып, оның біреу шетелдік болған жағдайға да қатысты.

Бұл кезде акционерлік қоғам сияқты ұйымдық –құқықтық нысаны ерекшелігінде ескерген жөн. АҚ үлестер, барлық мүлік нарықта еркін айналым акциялары, бағалы қағаздар түрінде, олар биржаларда сатылуы және сатып алынуы мүмкін.

Бұл кезде шетелдікке тиісті акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені тіпті акцияның 100% иесі шетелдік акционердің өзі де жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

Айтылғандарды түйіндей келе, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және ол қатысушы құрамынан шыққан кезде жер телімімен емес ақшалай түрде төленетін заңды тұлға үлесіне ғана құқы бар.

***5.* *Жерді кім жалға алады**?***

Жаңа жер заңнамасы бойынша шетелдіктерге конкурс арқылы берілетін болады. Үкімет облыстың әрбір ауданы бойынша шетелдіктер үшін бір адамға берілетін жердің ең төменгі мөлшерін бекітеді. Мысалы, Ақмола облысында, Шортанды ауданында – бұл 1000 га. Конкурс ережесі былай, әлеуетті жалға беруші міндетті түрде жерді пайдалану жоспарын тапсыру қажет. Мемлекет конкурстың өтуіне кепілдік береді. Егер де шетелдік біздің талаптарды бұзатын болса, біз олармен жасалған келісім - контракты бұзуға және олардан жерді алып қоюға құқымыз бар. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану ережелерімен Сіз мына сілтеме бойынша: [http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011549](http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011549) танысуға болады

*6. Мемлекет жерді қайтарып алуға құқылы ма?*

Иә, қайтарып алуға құқылы. Егер де, жер мақсаты бойынша пайдаланылмаса, мысалы, жер өңделмесе, жердің үстінде өнім өндірілмесе, онда мемлекет жерді қайтарып алуға құқы бар.

Екіншіден, сапаға жүргізілген бақылаудың көрсетуі бойынша, егер жер тиісті тәсілмен пайдаланылмаса (тыйым салынған химикаттар қолданылса), нәтижесінде жер құмға айналады. Жерді сондай-ақ, жырқыштар мекендеген жағдайда да алып тасталады. Бұл шаралардың барлығы жердің жеке меншікте немесе жалда болуына байланыссыз қолданыла береді.

***7.* *Қазақстан азаматы жерді сатып, немесе жалға ала ма?***

Иә, алады. Қазақстандықтар үшін ерекше жеңілдік жағдайлары қарастырылған: жалға берілген жерді 10 жылға дейін ұзартылған мерзімде жарты бағасына сатып ала алады. Ал шетелдіктер үшін мұндай ереже қарастырылмайды.

***8. Қазақстандықтарға немесе шетелдіктерге жалға берілген жер олардың жауапкершіліксіз пайдалану әрекетінен тозуға және тыйым салынған химикаттармен улануға ұшыраса, жалға берілген жерге не болады? Бұл жағдайды кім және қалай бақылауға алады?***

Песицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің агрохимия қызметі мен Әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.

Заңнаманы бұзған жағдайда жерді қайтарып алуға дейінгі қатаң шараны қолданады.

Жер заңнамасын сақтау жөніндегі Әкімдіктердегі бақылау органдары тарапынан агроөнеркәсіптердегі кешендерге тиесілі жер телімдеріне тексерулер жүргізілді. 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген тексерулер ауыл шаруашылығы мақсатындағы 263,9 мың га жердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.

Өткен жылы 187 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 171 субъекті 169,5 млн. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2016 жылдың бірінші тоқсанында 7 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 5 субъекті 106 мың. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

*9. Жер қанша тұрады?*

Жер телімінің нақты құны базалық ставкаға сәйкес анықталады, және бұл жөніндегі ақпараттар [http://adilet.zan.kz/rus/docs/P030000890](http://adilet.zan.kz/rus/docs/P030000890) сайтында орналасқан.

Жер телімі жағдайының сапасына, орналасқан жеріне, сумен қамтылуына, қызмет көрсету орталығынан алыс-жақындығына және т.б. байланысты базалық ставкаға түзету коэффициенті қолданылады.

Мысалыға, жер телімі елді мекеннен, инфрақұрылым нысанынан алыстаған сайын, коэффициенті де төмендейді.

Әрбір жер телімінің жеке-жеке құны бекітіледі.

Жер телімінің қорытынды бағасы аукцион арқылы анықталады.

***10.* *Бір адам қанша жерді сатып ала алады?***

Бір әкімшілік ауданның шеңберінде ауылшаруашылық мақсатында жеке меншікке және жалға берілетін жер телімінің ең төменгі шекті көлемі бекітілді. Жер телімінің ең төменгі шекті көлемі туралы ақпаратты adilet.kz. сайтынан алуға болады.

***11. Егер қазақстандықтар аукционда жерді сатып алып, оны шетелдікке қайта сатуға құқығы бар ма?***

Жоқ, сата алмайды. Бұған заңнамамен тыйым салынған.

***12. Аукциондар мен конкурстар ашық әрі әділ өтеді дегенге күдігіміз бар. Осы бағытта қандай шаралар жүргізілуде?***

Сатуды ұйымдастырудың тәртібі заңмен нақты бекітілген, аукцион – азаматтар үшін, конкурс – шетелдіктер үшін жүргізіледі.

Сатуды ұйымдастырудың тетігі жерді бөлуде жемқорлыққа жол бермейді. Өткізілетін аукциондар өз кезеңінде жариялылықты, әлеуетті сатып алушылардың арасындағы жарыспалықты және ашық бәсекені қамтамасыз етеді.

***13. Еліміздегі шетелдіктердің жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп жоқ емес.***

Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың саны әлі өзгере қоймағандығымен толықтырып өткім келеді. Жыл сайын біздің республикамызға орта есеппен түрлі мақсатта бір миллионнан артық шетелдік азаматтар келеді (тіркеледі). Бұлар туристер, іссапармен келушілер, студенттер, жұмысшылар және т.б. Олардың басы бөлігі (80-90%) – ТМД елдерінің азаматтары.

Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы саны белгіленеді. Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат берілді. Сонымен, квотаның 50% игерілді.

Осыған байланысты, квота отандық еңбек нарығында көрініс тауып отырған тапшылықты жоюға, еңбек нарығына білікті жұмысшыларды тартуды көздейді. Олардың тек 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.

***14. Қазақстан жерін жалға алушы шетелдік жер пайдаланушы өзінің отандастарын бірлескен жұмысқа тарта ала ма?***

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тарту мемлекеттік жылсайынғы квотамен шектелген және тек ғана білікті жұмысшыларға таратылады. 2016 жылы квота 63 мыңды адамды құрады және қазақстандық жұмысшылар санының 0,7%-нан аспайды. Шетелдіктердің біздің елімізде болу рұқсаттарының жарамдылығы жылдан аспайды, мерзімі өткен кезде олар Қазақстаннан кетеді

Бұдан басқа, шетелдік жұмысшылардың саны осы немесе өзге кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалпы санының 10% - нан аспауы қажет. Бұл норма тек қана жұмыс берушілерге таратылады.

***15. Біздің түсінуімізше, қазақстандықтар үшін жер – сакралды тақырып. Дәл қазір оны жалға беру немесе сату мәселесі басты мәселе емес. Жер – бұл ана. Ана ешқашан сатылмайды және ешкімге жалға берілмейді.***

Бәрімізге белгілі, жер-ана байлығымыз, ал еңбек - оның әкесі! Еңбек және жер – байлықтың қайнар көзі. Ел өнімді көбірек өндірген сайын байи түседі. Байлықтың қайнар көзін өндірістен іздеудің қажеттілігі туындауда. Қазақстан ауқымды ауылшаруашылық ресурстарын ие. Біздің еліміздің жер қоры 272,5 млн. гектарды құрайды. Бұл біздің баға жетпес ұлттық байлығымыз, өкінішке орай, күні бүгінге дейін осы ұлттық байлығымызды тиімді пайдалана алмай отырмыз. Жылдар бойы жерлеріміз өңделмей, арамшөптер басып, деградацияға ұшырауда. Еңбек ету және жерді өңдеу арқылы жер еліміздің шын мәніндегі байлығы мен дәулетіне айналады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жерімізде алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялармен жабдықталған өзіміздің үлкен-үлкен шаруашылықтарымызды өркендетуге барлық жағдайлар жасаймыз

***16. Заңдамалық нормаларды ендіру кезінде қазақстандықтар бұрын жалға алған жерлерінен айырылып қалмайды ма?***

Қабылдаған заңнамада бұрын жерді жалға алып пайдаланушылардың құқығы бұзылмайды.

Жалға алған жерлерін дәл қазір сатып ал деп ешкім күштемейді. Жалға алу мерзімінің аяқталуына дейін еркін пайдалана алады.

Сонымен бірге, жер пайдаланушының бұрын жалға алған жер телімін жеке меншігіне 50% жеңілдікпен сатып алу құқығын береді. Бұдан басқа, аталған сомманы 10 жылға ұзартылған мерзіммен рәсімдеп, төлеуге болады.

*(2015 жылдың 2 қарашасындағы ҚР Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Жер кодексінің 171 - бабы).*

***17. Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?***

Біріншіден, ақпараттар легінен хабардар болып, хабарландыруларды қадағалап отыру қажет. Әкімдіктер аукционның өтуі туралы хабарландыруларды аукцион өткізілетін күннен күнтізбелік он бес күн бұрын кешіктірмей жариялайды. Аукционға сатылуға қойылған жер телімдері туралы хабарландыруларды облыстық мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайттарынан, Элекетрондық үкімет платформасынан табуға болады.

Аукционға қатысу үшін міндетті түрде әкімдікке өтініш беру қажет.

2016 жылдың 1 шілдесінен қазақстан азаматтары үшін 1,7 млн. га ауылшаруашылық жерін аукционға шығару жоспарланып отырғанын ұмытпаңыздар.

***18. Мен – кәсіпкермін. Мен жердің сапасы және оны не үшін пайдалану қажеттігі туралы ақпараттарды қайдан алсам болады?***

Аукционды өткізу туралы хабарландыру жер телімі туралы, сондай-ақ, сапалы сипаттамалары мен жерді пайдаланудың мақсаты туралы мәліметтерді қамтуы қажет.

***19. Қазақстанға ауыл шаруашылығы үшін шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі неде? Біз өз жерімізді өзімізі игере алмаймыз ба?***

Отандық ауыл шаруашылығымыз белсенді дамуда десек те, біздің елімізде әлі де болса игерілмеген үлкен әлеуеттер бар. Мысалы, Қазақстанда 147 млн. га жайылым бар және сиыр етін тұтынушы екі ірі елмен шекаралас. Бұл 2014 жылы 4 млрд. АҚШ долларына сиыр етін сатып алған Ресей мен Қытай. Осындай әлеуетті тұтынушыларға біз бар мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай отырмыз.

Бұған себеп неде? Басты себеп – жоғары өндірістік қаржы шығындармен, өтімділігінің үлкен мерзіммен байланысты ауыл шаруашылықтағы инвестицияның жетіспеушілігі, ауылда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жоқтығы, осы салаға сәйкес мамандардың кетуі.

Өз кезегінде инвестицияның жетіспеушілігі бірінші мынадан көрінеді, саланың төмен техникалық жабдықталуы (ауылшарушалығы техникасы паркінің 80% тозған).

Екіншіден, қаржыландырудың төмендігіне байланысты көптегені шаруалар тыңайтқыштарды қолданбай жердің құнарлы қыртысын бұзады.

Сонымен бірге, қазақтар тарихтан белгілі білікті малшылар болған және фермерлер бүгінде бұл саланың бұрынғы әлеуетін қалпын келтіруде. Бұған инвестицияны тарту осы бағытты қарқынды дамытуға алып келер еді.

Сондай-ақ ауылшарушалығына келген инвестициялар 2015 жылы 167,0 млрд. теңгені құрады, бұл өнеркәсіпке келген инвестициялардан 23 есе төмен. Сондықтанда шетелдік компанияларды агроөндірісті дамытуға тарту жаңа агротехнологияларды, ауылшаруашылығы техникаларын, дәндік тұқымдарды, тыңайтқыштарды және тағы басқаларды енгізуге мүмкіндік береді.

Біз қазақстандықтар, өзіміздің отандық ауылшараушылық өнімдерін, өз жерімізде өскен: ет, жеміс жидек, көкөністі пайдаланатын боламыз. Ал шетелдік компаниялар бізге салық төлейтін болады, жұмыс орындарын құратын болады, ауылдың инфрақұрылымн жақсартады, біздің жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға көмектесетін болады. Біз азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, импортты алмастыруды төмендетуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға тырысуымыз қажет.

Сонымен катар Қазакстанда жерді химизациялаудың тарихи төмен деңгейінде және жақын маңдағы нарықтың төлем қабілеттілігіне байланысты көрінетін органикалык өнімді өндіру үшін қолайлы шарттар жасалған.

2015 жылдың аяғында біздер органикалық өнімді өндіру туралы заң қабылдадық. Осы заң органикалық өнімнің жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесуге және халықты жоғары деңгейдегі өніммен, ал өндірушіні әділ бағамен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сонымен қатар оның ғаламдық алғышарттары да бар.

Біріншісі, ол халықтың өсімі. Халық санының өсімі туралы болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай тамақ өнімін 60%-дан көп, ал дамушы елдерде қазіргі көлемнен 2 есе көп өндіруді қажет етеді.

Екіншісі, халықаралық ауылшаруашылығының әлеуеті деңгейінің төмендеуінен тамақ өнімі дефицитке ұшырауы мүмкін.

Сондықтан да, Қазақстан әлемдегі тамақ өнімінің тұрақтануы мен жақсаруына байланысты маңызды рөл ойнамақ.

Әлемдің тәжірибеде ауыл шаруашылығына бөлінген ақы- пұлдың өтімділігі минимум 10 жылды құрайды. Ал бұл өндірістің әрі қарай дамуына ұзақ жылдар қажет.

Мысалы шетелдіктерге жерді жалға беру Ресейде- 49 жыл, ал Біріккен Араб Әмірлігінде- 99 жылды құрайды. Бұл тегіннен тегін емес.

***20. Азаматтық алу мәселесі (*** **жалған некелер, Қазақстан Республикасының азаматымен некелескен тұлғалардың азаматтық алуы және олардың жер үлесін алуы)**

Қазақстан Республикасының азаматтығына: Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының азаматымен некелескен тұлғалар (ең кемі 3 жыл) қабылдана алады.

Аталған норма Қазақстан Республикасыны [«](http://adilet.minjust.kz/rus/docs/Z910004800_)[Азаматтық туралы» Заңның](http://adilet.minjust.kz/rus/docs/Z910004800_) 16 бабына сәйкес реттелген.

Егер де, шетелдік азамат азаматтық алу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматымен жалған некеге тұратын болса, оның азаматтық алу мәселесі жойылады.

Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты бекітлген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының [«](http://adilet.minjust.kz/rus/docs/Z910004800_)[Азаматтық туралы» Заңның](http://adilet.minjust.kz/rus/docs/Z910004800_) 6 тармағы, 21 бабы: «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса».

***21. Ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік құқығын енгізу ұзақ мерзімді жалға беруге қарағанда оның нәтижелі қолданылып жатқаны қандай обьективті көрсеткіштермен дәлелденген?***

Жеке меншік жері бар адам міндетті түрде өз жеріне жауапкершілікпен қарап, оны қолданады және жері арқылы табыс табады. Алайда, жерді жалға алып, ол үшін мардымсыз ақша төлеген Қазақстан азаматтары ( орташа есеппен 200 тг/га) , жерге қамқорлық тұрғысынан қарамайды.

Ауыл шаруашылығына инвентаризация жүргізу нәтижесінде 2012-2014 ж.ж.) 7,4 млн.га аумағында 19,2 мың қолданылмаған жер учаскілері бар екендігі анықталған.Сонымен қатар, топырақ құнарлығының деңгейінің төмендегені анықталды.

Сараптама көрсеткендей заңнаманың бұзылуы көбінде жалға берілген жерді пайдалану немесе пайдаланбау кезінде туындайды.Өйткені жерді жалға алушы тұлғаның басты мақсаты -табиғи ресурс ретінде жердің құнарлы бөлігін эксплуатациялау болып тыбылады.

Қазіргі жерді жалға алушылардың біразы жерді адал пайдаланбайды және жерді өңдеу кезінде қазіргі технологиялық мүмкіндіктерді қарастырмайды.

Осыған орай, Ұлт жоспарының 35–ші қадамында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу қарастырылған.

***22. Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұрған шетел азаматы иемденген жердің меншік иесі бола алады ма?***

Заңда нақты бөліп көрсетлгендей: Ауыл шаруашылық жерлерге жеке меншің құқығы Қазақстан Республикасының азаматына ғана беріледі, ал жалға алу құқығы – шетел азаматына беріледі.

Сондықтан некелік қатынастар жерге қатысты құқықтарға ықпал етпейді.

Қазақстандық ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда (зайыбының), жекеменшігінде жер бөлігі қалады, ал, шет елдік азаматта - жалға алумен шектеледі.

Егер жерді шет елдік қаржыға қатысы барлар жерді меншікке алғаннан кейін біріккен-- сатып алушы компаниялардың үлесі 50 пайызға дейін өсе ме?, егер ол жер кепіл ретінде шет елдік банкте тұрса? **23. Ауылшаруашылығына қатысушылардың болашақ тағдыры қалай болмақ: а) егер кейін олардың меншігіне сатып алуға қатысуы шетелдік капиталдың, бірлескен компанияларда-сатып алушылар дейін кеңейтіледі үлесін 50 пайыз; б) егер олар фигурировать кепіл ретінде шетелдік банк?**** ** Жер кодексінің 24 бабына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктер үлесі 50 пайыздан астам болса, онда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тек 25 жылға жалға алуға мүмкіндігі бар.

Егер, заңды тұлғаның шет елдік қорына қатысуы (үлесі) ұлғайған жағдайда, Жер Кодексінің 66 бабына сәйкес жер учаскесі шеттетіліп, немесе жалға алу құқығы үш ай мерзім ішінде қайта рәсімделуі тиіс.

Егер көрсетілген эаңды талаптар орындалмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жер учаскесінің орналасқан жері бойынша сот органдарына жер телімін мемлекет меншігіне өткізу жөніндегі шағымын жібереді.

Егер, қазақстандық жер телімі шет елдік банкке кепілдікке қойылған жағдайда, шет елдік банк жерді меншігіне алуға құқылы емес. Анықтама: Жер кодексінің 24 бабына сәйкес ( 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген өзгеріске сәйкес), шетелдік тұлғалар ауылшаруашылығына қатысты жерлерді 25 жылға жалға алып, тек қана уақытша қолдануға құқылы.

Мұндай жағдайда да Жер кодексінің 66 бабының 1 тармағына сәйкес шет елдік тұлға үш ай ішінде жерді иеліктен шығаруға талаптанып немесе жер құқығын қайта рәсімдеу керек. Бұл талдаптар орындалмаған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық деңгейдегі қалалар жерді орналасқан аумағына байланысты қайтарып алуға шағым түсіре алады.

**ЫҚТИМАЛ СҰРАҚТАР**

***1. «Байқоңыр кешенін пайдаланғандары үшін жалға алу құны соншалықты арзан?***

1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу жөніндегі келісім шартқа сәйкес «Байқоңыр» кешенін жалға алу құны 115 млн. АҚШ долларын құрайды.

Алайда, «Байқоңыр» кешенін жалға алу келісім-шартының басқа классикалық келісім-шарттардан өзгешелігі «Байқоңыр» кешенін жалға алудан басқа да оны күрделі жөндеуден өткізу,қайта өңдеу мен ағымдағы қосымша шығындармен қатар Байқоңыр қаласының тіршілігін қаржыландыру да көзделген болатын.

Осыған орай Ресей Федерациясы жалға алу төлемінен басқа «Байқоңыр» кешені мен Байқоңыр қаласын ұстап тұруға, оның дамуына жыл сайын 6 млрд рубль (92 млн АҚШ доллар) жұмсайды.

Сол себепті, Ресей Федерациясы жалға алу құнын үшін жыл сайын 200 млн АҚШ долларын жұмсайды. 2. **«Байқоңыр» кешенін жалға беру шеңбері аясында Ресейге берілген жердің аумағы қанша?**

1994 жылдың 10 желтоқсанындаағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу келісім-шарты бойынша ресей жағының жалға алған жер аумағы 4 млн. 805 мың. 978 га құрайды. Оның ішінде зымыран тасығыш бөліктердің құлау аумағы -4 млн. 136 мың га. «Байқоңыр» кешені алып жатқан 669 мың 978 га жердің 11,6 мың га Төретам мен Ақай ауылдарының әлеуметтік-экоомикалық дамуына бөлінген. Ал, зымыран тасығыш бөліктердің құлау аумағына бөлінген 4 млн. 136 мың га жердің 2 млн. 224 мың. 100 га немесе 53,7 пайызын жалға алушылар қолданбайды.

Қолданысқа ие емес жер аумақтары малшаруашылығы жаылымы үшін пайдаланылуы мүмкі

**II.** **ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚЫСҚАША АҚПАРАТ**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/QGsQ5h00T16MFDuqK0e8RzvDHfK22E.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/7ir56AD4XT6paj05IO4ps56YHBwqK9.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/CCbn9EjDysrAPj2EZ8Yx5CfKxKHT5g.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/7eOgd5J2a822vtugnr01VNMaAGlA5a.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/y7gRgwBIR2vYFsgQ74m261dYnfPOZY.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/FbLDOgq5m038TTyvrzIZJ2zwMnexlI.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/hGF1QsK432KVboLXC1hnday7LamGbc.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/M1AQSU21xnxxn6UCnqo82T79ANXR9Z.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/1qhQgEs8pz3I2P8zyvNT6UstT0Nx8a.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/1KOHpQw79q67mez11nqbV65hoYyGE7.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/CSiaa87ixCtbhgLOLW3Gnu53l7z7cz.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/DqTAy9x6M5dHoflWa94D4jyI2w6pgI.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/jqFcU93xqceZfWh4AYtB0n0ZoHyCiP.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/KAN7Q9u4SnHgYp3mQG0p4u1lzJxiV3.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/UTr8Lo9Gpt4BDfJ1zumM538lcTTkUY.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/GGN83927lcLlhcqft7AnOJBLy9jX3a.jpg)

***17. Еліміздегі шетелдіктердің жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп жоқ емес.***

Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың саны әлі өзгере қоймағандығымен түсіндіргім келеді. Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни Үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы саны белгіленеді. Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат берілді, сондықтан квотаның жартысы ғана игерілді.

Осыған байланысты, квота негізінен білікті жұмысшыларды тартуды көздейді. Олардың 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.

***(2016 жылдың 6 сәуіріндегі ҚР Еңбекпен қамту туралы заңы)***

***18. Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?***

Біріншіден, аудандық әкімдіктер аукционның өтуі туралы хабарландыруларды аукцион өткізілетін күннен күнтізбелік он бес күн бұрын кешіктірмей жариялайды. Аукционға сатылуға қойылған жер телімдері туралы мәліметтерді қамтыған хабарландыруларды облыстық мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайттарынан, Электрондық үкімет платформасынан табуға болады.

Екіншіден, аукционға қатысу үшін міндетті түрде әкімдікке өтініш беру қажет.

**III.** **ЖЕР КОДЕКСІНІҢ ЖАҢА ЕНГІЗІЛІМІ**

Жерді ауыл шаруашылығы мақсатында тиімді әрі ұтымды пайдалану үшін , ауылшаруашылық жерлерді нарықтық бағыттағы айналымға енгізу шаралары қолданылды.

Нарықтық айналымдағы жерлерді белсенді ынталандыру мақсатында жер қорының экономикалық көрсеткіштерін көтеру үшін 2015 жылдың 2 қарашасындағы ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізілді.

**Бірінші.** **Жер телімдерін аукционның жаңа механизмдері арқылы беруді енгізу.**

Жер учаскелері ҚР жеке және заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері жеке меншік құқығымен аукцион арқылы мына ретпен беріледі.

Бірінші кезекте – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы.

Егер екі аукционның қорытындылары бойынша учаске сатылмаса, онда ол учаскенің бағасын кадастрлық құнының белгіленген ең төменгі шегіне (кадастрлық құнының 50 %) дейін төмендетуді көздейтін аукционға қойылатын болады.

 

**Екінші.** Жалға берілген жер телімдерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну.

Бұл норма ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының көзқарасын ескере отырып, жерді уақытша пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жер үлесін жеке меншігіне 10 жылға бөліп төлеуге оның кадастрлық (бағалау) құнынан 50% мөлшеріндегі жеңілдікті бағамен сатып алу құқығына ие болады.

 

Сонымен қатар, ауылшаруашылық өндіріс үшін ұсынылған жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыру процедурасын оңтайландыру мақсатында, сонымен қатар иегерінің ұйымдастыру-құқықтық формасын өзгерткен жағдайда, ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты нысандарды салу кезінде телім мәртебесі болуы қажеттілігінің күшін жою ұсынылады.

**Үшінші. Жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау.**

Ұсынылып отырған норма жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік береді.

**Төртінші. Ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау.**

Жер Кодексінің жаңа өзгерістеріне сәйкес ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады.

 

**IV. АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ АКЦЕНТТЕРІ**

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері шетелдік азаматтарға сатылмайды. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет сату механизмдерінің ашық түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді, әрі арзанқол бағамен берілуіне жол бермейді.

 

*Жер кодексінің 48 және 48-1 баптары*

*Жер реформасы әлеуметтік және экономикалық пайда әкеледі (ауылдық жерлерде жұмыс орындары, еңбек өнімділігінің артуы, а/ өнімдерінің өсімі, жаңа технологиялардың келуі ).*

*- Қазақстандық азаматтар, аграрлықтар жер реформасына дайын, оның іске асырылуына атсалысады және оны қолдайды.*

*-Жер реформасы әлемнің озық тәжірибесіне және аграрлық сектордың жаңаша тәжірибесіне негізделген.*

*-Жер реформасын жүзеге асыруда жерді қадағалау , суландыру, зиянды химикаттарды пайдаланбау және шетелдіктердің мекендеуін болдырмау жайттары т.б. үнемі бақылауда болады.*

*- Нормативтік актілерге сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерінің бүлінуін болдырмау,жер реформасын іске асыруда жемқорлыққа жол бермеу және де көші-қон заңдылықтарының бұзылуына жол берілмейді.*

*Жер кодексінің 92,93,99 баптары мен 137,338 баптары,* Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы № 268 бұйрығы

**IV. Халы****қ****аралы****қ** **т****ә****жірибе****.** **О****ң****тайлы** **мысалдар**

Талдау барысы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жеке меншікке беру, негізінен еуропа елдерінде енгізіліп отырғандығын көрсетті.

Польша, Венгрия, Румыния және Болгария тәрізді шығыс-еуропа елдерінде жеке меншікке иелену құқы 3-5 жылға дейін сату құқына тыйым сала отырып енгізілген.

Десек те, шет елдердің тәжірибесі жер меншігінің мемлекеттік және жеке формаларының түрлі нұсқаларын жоққа шығармайды, мұндай альтернатива өзінің қисындылығын дәлелдейді.

Мемлекет, жерге жеген жекеменшік иелікті қолдай және қорғай отырып, оны пайдалану және тұтынуды бақылау қызметін өзіне алады.

Жерге меншік туралы сұраққа осы тұрғыдан келу, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өте ұқыпты және қоғам мен экономиканы тұтастай алғанда игілікті болып келіп, сол арқылы жерді тұрақты айналымға түсіруді қамтамасыз етеді.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің жеке және мемлекеттік меншігін теңқұқылы дамыту Бельгия, Швеция, Россия, Италияда бар.

Бельгияда жалға беру қатынасын реттеу жер телімдерін ұтымсыз және мақсатсыз пайдалануды, жер иелігіндегі алпауыттарды болдырмау мақсатында мемлекет арқылы жүзеге асырылады. Сол арқылы, жер қатынасындағы аграрлық сектордың заттық құқының басым формасы жеке меншік болып табылады. Швецияның жерінің 43%-ы немесе 19 млн. га жеке меншікте, ал қалған жерлер жерпайдалануда.

Италияда жерлер пайдаланылып, айналымда болуы үшін фермер шаруашылықты тиісті дәрежеде жүргізбесе (жердің құнарлылығын сақтау мен мақсатты тағайындамаданы қоса алғанда) тиімді қолданушыларға жер телімін мәжбүрлі тәртіпте жалға бергізу (сату) қолданылады. Түрлі санаттағы жерді мақсатты пайдаланудың қатал шарттары енгізілген, оның ішінде территорияны зоналауды есепке ала отырып анықталатын, жерпайдаланудың белгіленген ережелерін бұзғаны үшін экологиялық сипаттағы санкциялар бар.

Мәселен, Ресейдегі шетелдіктерге жалға беру мерзімі 49 жылды, ал БАӘ – 99 жылды құрайды.

 

**V. ӘКІМШІЛІК АУДАНДАРДЫҢ БІРІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІНІҢ ШЕКТІ МӨЛШЕРІ (ЕҢ ЖОҒАРҒЫ)**

*Бекітілді*

*Қазақстан Республикасы Үкіметінің*

*№ 1071 22 қазан 2003 жыл қаулысымен*

Әкімшілік аудандардың (қала) бірінде ауыл шаруашылық белгілеген жер телімдерінің шекті мөлшерін (ең жоғарғы) Қазақстан Республикасының азаматы шаруа қожағылын (фермерлік), мемлекеттік емес Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және үлестес тұлға ауыл шаруашылығы өндірген тауарды, сонымен қатар шетелдіктердің жерін уақытша пайдалануға, азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы өндірген тауарларды жүргізу құқығына ие.

(гектар)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/520MHIUGB677q0BNe1d6me96nhby0v.jpg)

-------------------------------------------------------------------- **Ақмола облысы** Ақкөл 9400 47000 8000 16500 Аршалы 2500 40000 5500 11000 Астрахан 7200 40 41000 200 7300 50 21000 100 Атбасар 3000 30 51000 900 1000 10 45000 150 Бұланды 4400 400 44600 4400 2200 200 11000 2200 Егіндікөл 5000 51800 2500 12900 Енбекшілдер 4500 1400 45600 19000 2700 900 13700 4300 Ерейментау 8400 83000 8400 50200 Есіл 7500 42000 5500 20000 Жақсын 4000 44000 4000 40000 Жарқайың 1200 50000 12000 12000 Зеренді 6400 64200 1900 19200 Коргальжын 3200 40000 6500 16400 Сандықтау 5500 100 35000 500 5500 100 13500 500 Целиноград 7500 40000 1500 4500 Шортанды 1000 35000 1000 4400 Щучинск 4500 6 35000 80 3500 20 11400 40 Көкшетау қ. 500 3000 Степногорск қ. 2500 12900 1900 3900 -------------------------------------------------------------------- **Ақтөбе облысы**

Әйтекеби 15000 150 150000 500 1000 5 20000 300 Алғын 7000 150 60000 500 1000 5 10000 300 Байғанын 25000 150 150000 500 2500 5 20000 300 Ырғыз 25000 150 150000 500 2500 5 20000 300 Қарғалы 5000 150 60000 500 1000 5 10000 300 Қобда 10000 150 70000 500 1000 5 10000 300 Мартөк 5000 150 60000 500 1000 5 10000 300 Мұғалжар 15000 150 100000 500 2500 5 10000 300 Темір 15000 150 100000 500 2500 5 20000 300 Ойыл 15000 150 100000 500 2500 5 20000 300 Хромтау 8000 150 60000 500 1000 5 10000 300 Шалқар 25000 150 150000 500 2500 5 20000 300 Актөбе қ. 4000 150 20000 500 1000 5 5000 300 ------------------------------------------------------------------- **Алматы облысы** Ақсу 9400 90 94000 1100 4700 45 47000 450 Алакөл 6100 100 61000 700 3050 50 30500 500 Балхаш 4700 100 47000 2500 2350 50 23500 500 Жамбыл 8600 60 86000 900 4300 30 43000 300 Іле 2850 80 28500 800 1425 40 14250 400 Қарасай 800 70 8000 700 400 35 4000 350 Қаратал 4500 150 45000 3000 225 75 22500 750 Ескелді 5000 120 55000 3000 500 60 5500 600 Еңбекші- қазақ 2900 250 29000 2500 1450 125 14500 1250 Кербұлақ 11000 40 49000 400 2450 20 24500 200 Көксу 4700 80 47000 1100 235 40 2350 400 Панфилов 4700 150 47000 1500 2350 75 23500 750 Райымбек 3700 80 37000 900 1850 40 18500 400 Сарканд 5600 135 56000 1100 2800 67 28000 675 Талғар 2100 85 21000 3100 1050 42 10500 425 Ұйғыр 1300 70 13000 700 650 35 6500 350 Қапшағай қ. 700 40 7000 600 350 20 3500 200 Талдыкорган қ. 600 40 6000 250 300 20 3000 200 Текелі қ. 226 30 300 100 100 15 1000 150 -------------------------------------------------------------------- **Атырау облысы** Індір 5000 50 50000 100 300 10 500 10 Исатай 12000 10 61000 15 6000 5 2000 10 Жылыойық 15000 20000 1000 5000 Кызылқоған 2000 1 12000 5 400 1000 1 Кұрманғазы 5400 50 100000 210 18200 30 5000 100 Мақат 1000 2000 Махамбет 1500 30 20000 1000 100 10 100 10 Атырау қ. 500 10 5000 30 1000 5 2000 10 -------------------------------------------------------------------- **Шығыс Қазақстан**

**облысы** Абай 7800 - 110000 - 6240 - 88000 - Аягөз 8000 100 130000 560 6450 80 104000 450 Бесқарағай 2250 170 20000 1710 1360 140 16000 1370 Бородулиха 2000 100 20000 310 1630 80 16000 250 Глубоков 2000 100 14000 310 1080 80 11200 250 Жарма 5300 160 54000 1580 4280 130 43200 1270 Зайсан 3000 200 27000 2850 2400 160 21600 2280 Зырянов 3150 50 21000 60 2100 40 16800 50 Қатон- Карағай 3100 100 21000 410 1660 80 16800 330 Көкпекті 3150 160 21000 1620 1680 130 16800 1300 Күрчім 6800 200 61000 2000 5440 160 48800 1600 Тарбағатай 3600 200 36000 2880 2880 160 28800 2300 Ұлан 4000 100 40000 1110 3240 80 32000 890 Үржар 1800 200 18000 4320 1440 160 14400 3460 Шемонаиха 1980 100 13000 210 1320 80 10400 170 Ридер қ. 3000 50 25000 100 2460 40 20000 80 Семей қ. 9300 180 93000 1840 7440 140 74400 1470 Өскемен қ. 2300 60 18000 130 1840 50 14400 100 -------------------------------------------------------------------- **Жамбыл облысы**

Байзак 2000 200 20000 1500 1000 100 10000 700 Жамбыл 3000 200 27000 1000 1500 100 13000 800 Жуалы 3000 40 26000 400 1500 20 13000 200 Қордай 8000 200 77000 2000 4000 100 38000 1000 Меркі 2000 100 23000 900 1000 50 11000 400 Мойынкұм 16000 40 160000 400 8000 20 80000 200 Сарысу 15000 200 152000 200 7500 100 76000 100 Талас 6000 100 55000 600 3000 50 27000 300 Т. Рыскұлов 8000 30 84000 300 4000 15 82000 100 Шу 9000 200 92000 1500 4500 100 46000 700 -------------------------------------------------------------------- **Батыс Қазақстан**

**облысы** Ақжайық 24000 200 240000 350 12000 20 120000 200 Бөкейордасы 9000 50 89000 100 4500 - 45000 - Бөрлі 5000 200 51000 500 3000 25 30000 250 Жанғалы 14000 40 136000 100 7000 5 70000 50 Жәнібек 8000 100 80000 200 4000 10 40000 100 Зеленов 7000 1000 67000 2000 3500 100 35000 1000 Казталов 18000 50 178000 100 9000 5 90000 50 Қаратөбе 10000 - 96000 - 5000 - 50000 - Сырым 11000 50 112000 100 6000 5 60000 50 Тасқала 8000 10 79000 - 4000 - 40000 - Теректі 7000 700 75000 1400 4000 70 40000 700 Шыңғырлау 7000 50 69000 100 3500 5 35000 50 Орал қ. 500 300 5000 600 300 30 3000 300 -------------------------------------------------------------------- **Қызылорда**

**облысы**

Арал 15000 1000 15000 2000 2000 200 15000 1000 Қазалы 15000 1000 100000 5000 2000 200 15000 1000 Қармақшы 10000 1000 100000 5000 2000 200 10000 1000 Жалағаш 10000 1000 100000 5000 2000 200 10000 1000 Сырдария 10000 1000 100000 5000 2000 200 10000 1000 Шиелі 8000 1000 50000 5000 1000 200 8000 1000 Жаңақорған 8000 1000 50000 5000 1000 200 8000 1000 Қызылорда қ. 3000 1000 15000 3000 500 100 3000 1000 -------------------------------------------------------------------- **Қарағанды облысы** Абай 3000 100 10000 700 3000 100 5000 300 Ақтоғай 11000 100 80000 300 11000 100 22000 300 Бұқар- Жырау 6500 500 30500 2000 6500 200 10000 200 Жаңаарқа 5000 50 35000 100 5000 50 10000 50 Қарқаралы 10000 1000 60000 2000 10000 500 18000 800 Нұрын 8000 500 90000 1000 8000 50 10000 200 Осакаров 5000 100 40000 300 5000 20 10000 50 Ұлытау 15000 300 95000 15000 30000 Шет 10000 80 40000 140 5000 25000 Балхаш қ. 30 2000 30 60 Жезқазған қ. 2000 15000 2000 5000 Қарағанды қ. 75 150 7,5 15 Қаражал қ. 2000 15000 2000 10000 Сарань қ. 65 650 30 100 Сәтбаев қ. 2000 15000 500 1500 Шахты қ. 70 14 700 140 35 7 350 70 -------------------------------------------------------------------- **Қостанай облысы**

Алтынсарин 4000 - 35000 - 1000 - 10000 - Амангелді 5000 - 100000 - 1000 - 10000 - Әулиекөл 3500 - 50000 - 1000 - 10000 - Денисов 2000 300 40000 1000 1000 150 10000 150 Жангелді 5000 - 150000 - 1000 - 10000 - Жітіқара 5000 1000 45000 3000 1000 100 5000 500 Қамысты 5000 200 55000 1000 1000 100 5000 300 Қарабалық 3000 16 35000 - 2500 - 10000 - Қарасу 6000 - 90000 - 1000 - 10000 - Қостанай 8000 600 35000 2000 1000 100 10000 300 Меңдіқара 2500 15 35000 400 1000 15 15000 100 Наурызым 2500 5 35000 10 1000 - 5000 - Сарыкөл 5000 100 50000 1000 1000 - 10000 - Таранов 3000 20 35000 250 1000 5 10000 50 Ұзынкөл 6000 100 45000 1000 1000 - 10000 - Федеров 5000 - 50000 - 2500 - 10000 - Қостанай қ. 2800 150 5400 100 250 - 500 - Арқалық қ. 3000 20 35000 200 1000 10 10000 100 -------------------------------------------------------------------- **Маңғыстау облысы** Маңғыстау 4000 20 100000 20 3000 20 5000 20 Бейнеу 4000 20 100000 20 3000 20 5000 20 Түпқараған 4000 20 100000 20 3000 20 5000 20 Қарақиян 4000 20 100000 20 3000 20 5000 20 Ақтау қ. - 20 - 20 - 20 - 20 Жаңаөзен қ. - 20 - 20 - 20 - 20 -------------------------------------------------------------------- **Павлодар облысы** Ақтоғай 9100 100 15000 500 9100 100 15000 500 Баянауыл 16900 100 2000 500 16900 100 20000 500 Железин 6700 50 10000 300 6700 50 10000 300 Ертіс 9000 50 15000 350 9000 50 15000 350 Качир 6000 100 10000 500 6000 100 10000 500 Лебяжин 6000 100 10000 500 6000 100 10000 500 Май 16400 100 20000 500 16400 100 20000 500 Павлодар 5400 100 15000 500 5400 100 15000 500 Өспен 6500 100 15000 500 6500 100 15000 500 Щербактин 5600 50 10000 300 5600 50 10000 300 Екібастұз қ. 17600 100 20000 500 17600 100 20000 500 Ақсу қ. 7000 100 10000 500 7000 100 10000 500 -------------------------------------------------------------------- **Солтүстік Қазақстан**

**облысы** Айыртау 900 30000 500 10000 Ақжар 9000 36000 3600 18000 Аққайың 2000 22000 700 1500 Ғ. Мүсірепов

ат. 1000 30000 1000 10000 Есіл 1500 15000 1000 2000 Жамбыл 500 10000 100 - Қызылжар 3000 150 26000 250 1000 3000 М.Жұмабаев ат.5800 58000 5800 5000 Мамлют 2000 19000 2000 10000 Тайыншы 3000 35000 1000 10000 Тимирязев 20000 40000 5000 15000 Уәлиханов 2500 26000 1000 10000 Шалақын ат. 2500 20000 1000 10000 -------------------------------------------------------------------- **Оңтүстік Қазақстан**

**облысы** Байдібек 1100 20 20000 300 1100 20 5000 40 Қазығұрт 800 50 10500 350 500 20 1000 40 Мақтаарал 250 30 300 30 150 15 5 1 Ордабасы 1500 100 15000 1500 500 50 1500 200 Отырар 1500 40 3000 50 500 25 3000 50 Сайрам 300 20 1000 200 150 10 500 50 Сарыағаш 1000 70 30000 1000 500 25 7000 50 Созақ 2900 10 86000 200 1400 2 14400 5 Төлеби 35 5 6750 500 3 0,5 345 75 Түлкібас 50 5 2500 300 5 0,5 100 2 Шардара 60 10 300 50 60 10 300 50 Арыс қ. 1100 20 20000 300 1100 20 5000 40 Кентау қ. 200 10 1000 100 100 5 500 50 Түркістан қ. 2000 50 10000 500 500 20 2000 50 Шымкент қ. 50 2 2000 100 20 1 100 4 --------------------------------------------------------------------

 

**VI****. ИНФОГРАФИКА**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/N8892GNthpR37TPjlK3zfH93aB8C3r.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/A5j98vs4Bb1q254ar1C2fJNXCSbYNs.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/AV0Unjt6Xj9V6fyDk1m7M4FqeDigbz.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/0oKcC96GKg6koWlvFAWSUr8zqBDmIW.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/iC7zaY5Gzd1TpS4C76Ahgr8vDTXLxp.jpg)

** **

**Облыс аудандары**

**Шетелдік жеке тұлғалар, га**

**Шетелдік заңды тұлғалар, га**

ОҚО (Түлкібас ауданы)

5

100

СҚО (Аққайың ауданы)

700

1500

Атырау облысы (Індір аудан)

300

500

Алматы облысы (Көксу ауданы)

235

2350

Ақмола облысы (Целиноград ауданы)

1500

4500

 

Аудан атаулары

Облыс аумағы, млн. га

Шетелдік жер пайдаланушыларға жалға берілетін ауыл шаруашылық жерлер, мың га

Ақмола

14621,9

9,0

Алматы

30062,9

2,0

Ақтөбе

22356,0

29,8

Атырау

11863,1

-

ШҚО

28322,6

0,3

Жамбыл

14426,4

13,5

БҚО

15133,9

8,2

Қарағанды

42798,2

0,03

Қызылорда

22601,9

-

Қостанай

19600,1

1,6

Маңғыстау

16564,2

-

Павлодар

12475,5

-

СҚО

9799,3

-

ОҚО

11724,9

0,8

Алматы қ.

68,3

0,05

Астана қ.

71,0

0,06

Барлығы

272490,2

65,3

Мемлекеттік мүлік

аудан, га

Ресей Федерациясы

10236

Бірлескен кәсіпорындар

44942

Кипр

7959

Америка Құрама Штаттары

432

Германия Федеративті Республикасы

294

Қытай халық республикасы

282

БАӘ

859

Польша

45

Түркия

7

Беларус Республикасы

0,4

Украина

0,4

Австралия

0,2

Израиль

0,1

Иран

0,1

Армения Республикасы

0,4

Өзбекстан республикасы

0,2

Оңтүстік-Африка Республикасы (ОАР)

0,2

Молдова Республикасы

0,1

Бразилия Федеративті Республикасы

0,1

Латвия Республикасы

0,1

**Барлығы**

**65058**

 

**Бірлескен кәсіпорындар**

**аудан, га**

Ақтөбе облысы

«Көктас-Ақтөбе» АҚ Қазақстан-Германия

2766,5

«Лад» ЖШС Қазақстан-Ресей

1,6

«Молочные истории» ЖШС Қазақстан-Қырғыз

27000

«Монтаждау және құрылыс» ЖШС Қазақстан-Қытай

0,4

Жамбыл облысы

«SMART AGRO KARKARA» ЖШС Қазақстан-Малазия

11083,8

«KAZ-ir Agro» ЖШС Қазақстан-Малазия

2482

Алматы

«Ақсұңқар-Аль-Сакр» ЖШС Қазақстан-БАӘ

1000

«Монтажник» ЖШС Қазақстан-Корея

331,9

«Руби РОЗаГрикол» ЖШС Қазақстан-Ливан

231,8

«Азиягрупп» ЖШС Қазақстан-Германия

44

**Барлығы**

**44942**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zher-atynastary-boyynsha-a-paratty-any-tamaly-materialdar-691483](https://yvision.kz/kk/post/zher-atynastary-boyynsha-a-paratty-any-tamaly-materialdar-691483)