---
title: "«Жер аманаты» комиссиясы жұмысы тоқтамайды"
description: "Аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы жергілікті жауапты мекемелермен бірлесе отырып..."
author: "syrym.nurotan.kz"
published: "2023-05-18T05:16:16+00:00"
modified: "2023-05-18T05:16:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-amanaty-komissiyasy-zh-mysy-to-tamaydy-988717"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-amanaty-komissiyasy-zh-mysy-to-tamaydy-988717/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жер аманаты» комиссиясы жұмысы тоқтамайды

> Аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы жергілікті жауапты мекемелермен бірлесе отырып...

Аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы жергілікті жауапты мекемелермен бірлесе отырып, өткен 2022 жылы жер учаскелерін мақсатсыз пайдаланған 27 шаруа қожалығынан барлығы 17110 гектар жер учаскесін (жайылымдық – 12117 гектар, шабындық – 1800.0 гектар, егістік– 3155.0) анықтап, мемлекет меншігіне қайтарып отыр. Сонымен қатар 8 жер пайдаланушыға қатысты 5125 га ауылшаруашылығы жерлерін пайлаланудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізу үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолдап отыр.

Ал, 2023 жылға 7 мың гектар жайылымдық жерлер қайтарылуы болжанса, соның өткен бірінші тоқсанда - 300 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.. Яғни жоспарланған меженің әзірге тек 4%-ы. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Жалпы партия филиалы жанындағы комиссияның басты мақсаты пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару процесін қоғамға ашық ету немесе ел игілігі үшін тиімді де мақсатты пайдалануды жүзеге асыру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

«Жер аманаты» комиссиясының жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.

#AMANAT

![](https://storage.yvision.kz/images/user/443611/d295c5f6101779dc1096a699eccbb2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zher-amanaty-komissiyasy-zh-mysy-to-tamaydy-988717](https://yvision.kz/kk/post/zher-amanaty-komissiyasy-zh-mysy-to-tamaydy-988717)