---
title: "«Жер аманаты» комиссиясы басқосты."
description: "📷«АMANAT» партиясының жанынан Ұлытау облысында құрылған «Жер аманаты» комиссиясы басқосты.📷«АMANAT» ..."
author: "Amanat.ulytau.oblysy"
published: "2022-12-07T12:16:02+00:00"
modified: "2022-12-07T12:16:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-amanaty-komissiyasy-bas-osty-980275"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zher-amanaty-komissiyasy-bas-osty-980275/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жер аманаты» комиссиясы басқосты.

> 📷«АMANAT» партиясының жанынан Ұлытау облысында құрылған «Жер аманаты» комиссиясы басқосты.📷«АMANAT» ...

📷«АMANAT» партиясының жанынан Ұлытау облысында құрылған «Жер аманаты» комиссиясы басқосты.

📷«АMANAT» партиясына қарасты Партиялық бақылау комитетінің төрайымы Раушан Қапарова ашып, жүргізген отырысқа Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Ұлытау облысының мемлекеттік кіріс басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Прокуратура өкілдері, сондай-ақ, депутаттар, партия белсенділері, қоғамдық пәкір көшбасышлары қатысты.

📷 Күн тәртібінде "Жер аманаты" Партиялық жобасын жүзеге асыру алғышарттары қарастырылды.

📷Қазақстан жайылымдық жерден әлем бойынша 5-орында тұр. Игерілмей жатқан жер жетерлік. Бірақ, солай бола тұра, ауылдық жерлерді­ң айналасында мал жаюға арналған жер жоқ деген мәселемен ұшырасып жатқанымыз жасырын емес. Жайылымдық жер мәселесі тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында екені барлығымызға аян. Маусым айында «AMANAT» партиясыны­ жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Жарты жыл ішінде жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінде еліміз бойынша 5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, оның нақты 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асты.

📷Ұлытау облысында бойынша 557 мың гектарға жуық жердың бос жатқандығы анықталды. Комиссияның алдағы басты мақсаты - пайдаланылмай бос жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару және оны ауыл тұрғындарының арасында заңды ттүрде үйлестіру. Осылайша, өңірімізде ауыл шаруашылығы едәуір дамитын жағдайға жетеді. Дегенмен, бұл бүр күндік немесе бір айда шешіле салатын сұрақ емес екендігін де мойындау керекү Комиссияның кеңейтілген отырысында осы мәселені шешу механизмі және алда кездесетін қиындықтар талқыланls7Сондай-ақ отырыста «Жер аманаты» комиссиясының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы cөз болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zher-amanaty-komissiyasy-bas-osty-980275](https://yvision.kz/kk/post/zher-amanaty-komissiyasy-bas-osty-980275)