---
title: "Жемістердің үлкені - қарбыз"
description: "Жаздың келуімен дәрумендерге толы жеміс-жидектер мен көкеністердің түр-түрі пісе бастайды.Шырынды қа..."
author: "user16799994300273056"
published: "2023-06-21T17:23:26+00:00"
modified: "2023-06-21T17:24:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhemisterdi-lkeni-arbyz-990531"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhemisterdi-lkeni-arbyz-990531/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жемістердің үлкені - қарбыз

> Жаздың келуімен дәрумендерге толы жеміс-жидектер мен көкеністердің түр-түрі пісе бастайды.Шырынды қа...

Жаздың келуімен дәрумендерге толы жеміс-жидектер мен көкеністердің түр-түрі пісе бастайды.Шырынды қарбыз – 92%-ын су құрайтын, жеміс жидектердің бірі.

![Жемістердің үлкені - қарбыз](https://storage.yvision.kz/images/user/573147/d4f9c1335f5217be8234e3e3f88dab.jpg)

Қарбыз - калориясы аз , пайдалы диеталық өнім. Бұл жемістің ми мен көзге пайдасы көп.Оның құрамында ликопен пименті мен А , С және В6 дәрумендері бар. Адамның миында қанша сұйықтық болса, қарбызда да сол мөлшерде су болады екен. Бүйрек , бауырауруларына, анемия мен қант диабетіне шалдыққандарға көмегі орасан зор. Тіпті, ағзаға біршама пайдасы бар және салмақ тастауға негізделген арнайы «қарбыз диетасы» бар. Бұл жемістен көптеген дәмді әрі ерекше тағамдар жасауға болады. Мысалы, қарбыз балы. Бұл бал қарбыздың мәйегіндегі сөл мен қанттан жасалады. Бұл жемістің дәні де құнарлы. Құрамында минерал тұзы, магний мен темір бар қарбыз дәні – ежелгі медицинада қан тоқтату үшін пайдаланылған. Одан бөлек, Азиялық карвинг шеберлері өз жұмыстарында қарбызды ерекше қолдануда. Көкеністер мен жеміс-жидектерді көркемдеп, безендіру өнері бұрындары тек патшалық салтанаттарда қолданылғанымен, бүгінгі күні халық арасында кеңінен таралуда.

Қарбыз өте пайдалы, дәрумендерге толы жеміс болғанымен, кей жағдайда кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, бұл жеміс жаздың ыстық күнінде таптырмас суық сусын екенін білеміз. Алайда, қарбызды тоңазытқышқа салып, салқыднатқан жағдайда, ол өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтатынын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Қанында калий мөлшері тым жоғары адамдарға қарбызды аз мөлшерде жеген жөн. Сонымен қатар, қарбызды күніне бір рет қана, тамаққа дейін немесе тамақтан кейін, біршама уақыт өткесін жеген абзал. Ерте піскен қарбызға қарағанда, дұрыс жуылмаған қарбыз әлдеқайда қауіпті, деген болжам бар. Сол себепті, қарбызды жемес бұрын, оның жуылуына ерекше көңіл бөлген жөн.

Бүгінгі күнде қарбыз әлемнің 96 елінде өсіріледі және оның 1200-ден астам түрі бар. Қарбыз пішіні, түсі мен көлемі бойынша ерекшеленеді. Қарапайым қарбыздың мәйегі қызыл немесе қызғылт , сырты жасыл және пішіні дөңкелек болғанымен, бұл жемісті мүлдем басқа кейіпте де кездестіруге болады. Мысалы, қазір Испания мен Тайланд елдерінде мәйегі сары қарбыз өсіріледі және Украиналық селекционерлердің тәжірбиесінің нәтижесінде іші сары, дәмі мен түрі асқабаққа келетін, «кавбуз» буданы шықты. Сонымен қатар, селекционерлер қара қарбызды да өсіріп көрді. Бұл ерекше және сирек кездесетін қарбыз түрі текЖапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралында ғана өсіріледі. Ал қарбыздың шығу тарихына келер болсақ, бұл ерекше

жемістің отаны Оңтүстік Африканың, Калахари шөлі. Ол мекенде бүгінге дейін 200 граммдық қана, теннис добы сынды, жабайы қарбыздар өсіріліп келеді. Қарбыз осыдан 4000 жыл бұрын ежелгі Египетте де өсіріле бастады. Ал Вьетнам елінде қарбызға байланысты тарихи дәстүр бар . Қызыл түс сәттілік әкеледі деп сенген Вьетнамдықтар, жаңа жылда мерекелік дастарханға міндетті түрде қарбыз қояды екен.

Қарбыз - қыр-сыры көп, табиғаттың ерекше туындысы. Бұл үлкен жеміс жайдарлы жаз мезгілінің- шырынды дәмі. Жемістердің ең үлкені қарбызды тұтынып,шөліңізді басып, бойыңызға күш жинап, өмірден ляззат алыңыз

Ғаламтор желісіндегі ақпараттар негізінде пайдалы кеңесті ұсынған:

Абаева Ақбота

Алматы қаласы,Әуезов ауданы

202 мектеп гимназиясының

11 «Б» сынып оқушысы

Шығармашылық жетекшісі:

Жидегүл Әбдіжәділқызы

Әл-Фараби атындғаы ҚазҰУ доценті

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhemisterdi-lkeni-arbyz-990531](https://yvision.kz/kk/post/zhemisterdi-lkeni-arbyz-990531)