---
title: "Жемқорлықтың алдын-алудың басты механизмдері"
description: "А.ж. 18 тамызда «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Ақмола облысының а..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-18T08:06:43+00:00"
modified: "2017-08-18T08:06:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-ty-aldyn-aludy-basty-mehanizmderi-776079"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-ty-aldyn-aludy-basty-mehanizmderi-776079/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жемқорлықтың алдын-алудың басты механизмдері

> А.ж. 18 тамызда «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Ақмола облысының а...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/0fQ1Nv00rLeB4NZYtvyGEl404866Zd.jpg) А.ж. 18 тамызда «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Ақмола облысының аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жемқорлықтың алдын-алудың басты механизмдері» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара мақсаты – қоғам өкілдерін мемлекеттік қызметтегі басты жетістіктер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы, жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет ету туралы тұрғындардың хабардар болуының өсуі, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ҚР Жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асырылуы туралы хабардар ету.

Сонымен қатар, мекеменің барлық жеке құрамы Департаменттің 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әрекеті туралы хабардар болды.

Спикер Департаменттің жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының м.а. Е.У.Кенжалин болды.

Е. Кенжалин өз баяндамасында өңірде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың барлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру мәселелерін баян етті.

Кездесу барысында қатысушыларға қызықтырушы сұрақтар қою мүмкіндігі беріліп, қатысушылар арасында конструктивті диалог өтті, барлық сұрақтарға нақты жауап берілді.

Сондай-ақ, кездесу соңында қатысушылар арасында өткізілген шаралардың жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуіне қатысты анонимді сауалнама жүргізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-ty-aldyn-aludy-basty-mehanizmderi-776079](https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-ty-aldyn-aludy-basty-mehanizmderi-776079)