---
title: "«Жемқорлықпен күресу — басты міндетіміз»"
description: "Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамы..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-04-12T07:37:55+00:00"
modified: "2016-04-12T07:37:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-pen-k-resu-basty-mindetimiz-688742"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-pen-k-resu-basty-mindetimiz-688742/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жемқорлықпен күресу — басты міндетіміз»

> Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамы...

Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу**-**өркендеу болмайтыны белгілі.

Осы бағытта **2016 жылдың 11 сәуір күні** Департамент Құрманғазы атындағы саз колледжімен бірлесіп, студенттердің қатысуымен «Жемқорлықпен күресу **-** басты міндетіміз» атты дөңгелек үстел оздырды.

Дөңгелек үстел режиссура мамандығының студенттерінің дайындауымен «Қара бауыр қасқалдақ» атты шағын көрініспен ашылды. Кейін колледж директоры Н.У.Сертеков сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда "Нұр-Отан" партиясына жүктелер міндеттерге тоқталып, оны жою шараларын қоғам болып белсенді жүргізуі керектігіне тоқталды.

Сонымен қатар, департамент өкілі Е.Төлепқалиев қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңының негізгі бағыттары бойынша баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның ішінде студент жастардың орынына ерекше назар аударды.

Шараның соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тақырыптық видеороликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-pen-k-resu-basty-mindetimiz-688742](https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-pen-k-resu-basty-mindetimiz-688742)