---
title: "«Жемқорлық – бұл зұлымдық»"
description: "А.ж. 27 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ба..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-07-28T03:29:41+00:00"
modified: "2016-07-28T03:31:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-b-l-z-lymdy-704335"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-b-l-z-lymdy-704335/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жемқорлық – бұл зұлымдық»

> А.ж. 27 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ба...

А.ж. 27 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен бастау алған «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде Аршалы аудандық кітапханасында мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдерінің және жастардың қатысуымен «Жемқорлық – бұл зұлымдық» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу арқылы сыбайлас жемқорлық мәселесіне қызығушылықты арттыру жолымен қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру.

Іс-шара «Ашық микрофон» түрінде өтті.

Іс-шара барысында «Аршалы ауданының әкім аппараты» ММ заң қызметінің басшысы Г.С.Есеңғартоваға көптеген сұрақтар қойылып, көкейге қонымды жауаптар алынды. Конференцияның аяғында «Сыбайлас жемқорлыққа «жоқ» деуіміз керек» бейнеролигі көрсетілді.

Іс-шараға шамамен 23 адам қатысты.

![«Жемқорлық – бұл зұлымдық»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/KiyxYYdGsxekqdCglk89l29RGagx04.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-b-l-z-lymdy-704335](https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-b-l-z-lymdy-704335)