---
title: "«Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында үздік плакаттар моделі анықталды"
description: "2015 жылы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл..."
author: "finpolukopress"
published: "2015-10-01T05:12:57+00:00"
modified: "2015-10-01T05:12:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-zhol-zho-ta-yrybynda-zdik-plakattar-modeli-any-taldy-556693"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-zhol-zho-ta-yrybynda-zdik-plakattar-modeli-any-taldy-556693/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында үздік плакаттар моделі анықталды

> 2015 жылы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорл...

2015 жылы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті *(бұдан әрі - Департамент)* Шымкент қаласының Білім бөлімімен бірлесе, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Жастар сарайында **«Жемқорлыққа жол жоқ!»** атты тақырыбында жасөспірімдер арасында үздік плакаттың моделін жасау үшін сурет салудан байқау өтті.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты –жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау мен «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы үздік плакаттың моделін жасау арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Іс-шара барысында жасөспірімдер бейнелеген суреттерден бірқатар үздік плакаттар моделі анықталып, Департамент басшылығы атынан марапаттаулар болды.

1 орынды Шымкент қаласының №33 мектеп оқушысы Мусаева Дильбар иеленді.

ІІ орынды Шымкент қаласының №81 мектеп оқушысы Джохангиров Мақсат иеленді.

ІІІ орынды Шымкент қаласының №5 мектеп оқушысы Ли Александр иеленді.

Ең үздік креативті сурет салу номинациясы Шымкент қаласының № 120 мектеп оқушысы Ибрагимов Ибрагимге бұйырса, ал ең үздік шығармашылық сурет салу номинациясы Шымкент қаласының № 23 мектеп оқушысы Бекбосынова Аделя қанжығасына байлады.

Аталған үздік плакаттар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, сауаттандыру бойынша түрлі көше, даңғыл бойындағы билбордтарда, тренингтерде, кездесулерде, және т.б. іс-шараларда қолданылатын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-zhol-zho-ta-yrybynda-zdik-plakattar-modeli-any-taldy-556693](https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-zhol-zho-ta-yrybynda-zdik-plakattar-modeli-any-taldy-556693)