---
title: "«Жемқорлыққа ЖОЛ ЖОҚ дейміз» флешмобы"
description: "А.ж. 9 қазанында Есіл қаласында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңб..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-10-12T04:17:26+00:00"
modified: "2016-10-12T04:17:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-zhol-zho-deymiz-fleshmoby-717796"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-zhol-zho-deymiz-fleshmoby-717796/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жемқорлыққа ЖОЛ ЖОҚ дейміз» флешмобы

> А.ж. 9 қазанында Есіл қаласында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңб...

А.ж. 9 қазанында Есіл қаласында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде «Жемқорлыққа ЖОЛ ЖОҚ дейміз» би флешмобы ұйымдастырылды.

Акцияға ювеналдық полиция тобының есебіне қойылған 7-10 сынып оқушылары қатысты. Аудандық білім беру бөлімінің құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі әдіскері А. Гордя флеш-мобты салтанатты түрде ашты және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып табылатыны және оның маңыздылығы туралы сөздерін қатысушылардың назарына жеткізді. Президент өзінің Қазақстан халқына жолдауында мемлекетті алға жетектер қадамның бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен табанды және аяусыз күресу екендігін айтқан болатын.

Іс-шараға 75 адам қатысты.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/img_9955.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-zhol-zho-deymiz-fleshmoby-717796](https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-zhol-zho-deymiz-fleshmoby-717796)