---
title: "«Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы отырыс"
description: "2017 жылғы 4 тамызда Михайловский ауылдық округі «Адал жол –Честный путь» марафоны эстафетасын қабыл..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-16T07:42:31+00:00"
modified: "2017-08-16T07:42:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-arsy-k-res-ta-yrybynda-y-otyrys-775839"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-arsy-k-res-ta-yrybynda-y-otyrys-775839/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы отырыс

> 2017 жылғы 4 тамызда Михайловский ауылдық округі «Адал жол –Честный путь» марафоны эстафетасын қабыл...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/1Vu1LY0H8VJ3FFrLFfXZk87e6NSvdH.jpg) 2017 жылғы 4 тамызда Михайловский ауылдық округі «Адал жол –Честный путь» марафоны эстафетасын қабылдады: мемлекеттік қызметкерлердің, округ мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жиналыс өтті.

Ауылдық кітапхана меңгерушісі И.Г.Кузнецова әр түрлі елдердегі жемқорлық деңгейі, Қазақстандағы жемқорлық себептері, жемқорлықпен күрес әдістері тақырыбында баяндама жасап, «Мен жемқорлыққа қарсымын» атты бейне ролик көрсетті.

Ауылдық округ әкімі С.Е.Байбашкаров өз сөзінде жемқорлықпен күреске әрбір азамат өз үлесін қосу қажеттігін, барлық салаларда жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» танытуға шақырды.

Іс-шара диалог форматында өтті. Қорытындылай келе барлық сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-arsy-k-res-ta-yrybynda-y-otyrys-775839](https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-arsy-k-res-ta-yrybynda-y-otyrys-775839)