---
title: "«Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында кездесу өтті"
description: "2016 ж. 16 тамызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданының орталық кітапханасында «Адал жол – Честный пу..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-08-19T07:37:20+00:00"
modified: "2016-08-19T07:37:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-arsy-k-res-ta-yrybynda-kezdesu-tti-707828"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-arsy-k-res-ta-yrybynda-kezdesu-tti-707828/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында кездесу өтті

> 2016 ж. 16 тамызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданының орталық кітапханасында «Адал жол – Честный пу...

2016 ж. 16 тамызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданының орталық кітапханасында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Мұқанов, Кеңес мүшелері М.Ақпаров, А. Төлеубаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы С. Нүркенова, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушылар отырыс барысында 5 институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадамдағы» мемлекеттік басқару жүйесінің реформалануы, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мен оның алдын алу шаралы туралы мәселелерді талқылады

Т. Мұқанов 2020 жылға дейінгі жастар саясаты мәселелері туралы сөз қозғады және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастарудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушыларға жадынамалар таратылып, слайд көрсетілді.

![Департамент госслужбы](https://content.foto.my.mail.ru/mail/anticorruption1494/_mypagephoto/h-893.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-arsy-k-res-ta-yrybynda-kezdesu-tti-707828](https://yvision.kz/kk/post/zhem-orly-a-arsy-k-res-ta-yrybynda-kezdesu-tti-707828)