---
title: "Желтоқсан жайлы"
description: "Желтоқсан жайлы бір толғау... Сен сұрадың балақай Желтоқсан деген не зат деп? Неге сонша сол жайл..."
author: "NurlanBekmurat"
published: "2014-12-15T18:18:22+00:00"
modified: "2014-12-15T18:18:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhelto-san-zhayly-449667"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhelto-san-zhayly-449667/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Желтоқсан жайлы

> Желтоқсан жайлы бір толғау... Сен сұрадың балақай Желтоқсан деген не зат деп? Неге сонша сол жайл...

Желтоқсан жайлы бір толғау...

 

Сен сұрадың балақай

Желтоқсан деген не зат деп?

Неге сонша сол жайлы

Қалам ұстап, жазар көп.

Тығырыққа тіредің

Ойға шомдым, толғандым

Мен де соның бірі едім

Білгенімше қорғандым.

 

Ойға қалдым артынан

Желтоқсан деген не зат деп?

 

Шынымен ақ, бүгінде

Пайда табар зат бопты

Жылдар жылжып өткенде

Жай ғана бір ат бопты.

Желтоқсан атын жамылып

Білгенше қарар қаттапты,

Осы атты жамылып

Билікке барып жағынып

Төсіне медаль шаптапты.

Пайда тапса, әрине,

Желтоқсан зат болғаны

Ойламайық, тойлайық

Керегі не толғанып.

 

Желтоқсан, бірақ, зат емес

Рухы емес пе еді халықтың?

Көтерілген күшіне

Кеңестер деген алыптың.

Желтоқсан деген зат емес

Ар, ұят, намыс, ожданы,

Намысқа ұлтық тигенде

Кеткен едік қозғалып.

Көтеріліп қолға алып

Плакатты: Қазақ,- деп

Зорлық қылған биліктің

Істегені мазақ,- деп.

Қан сасыған бас алаң

Қанына бөгіп қазақтың

Ұлттық рух үшін берілген

Болғандай еді, тасаттық.

Ел үшін намыс кеудені

Ұрандатып кеулеген

Бодан болған жай халық

Көкірек соғып: «мен», - деген.

Сол себепті, қазаққа

Желтоқсан содан, зат емес,

Ұлттық намыс ұраны

Сол үшін ол әр кезде

Биікте,ту боп, тұрады.

 
 
 
 

Желтоқсан - сипат, зат емес

Еркіндіктің жалауы

Халықты билік қинаса

Тұтанады алауы.

.Көтерілу, әрине

Халық үшін шарт емес

Тек биліктің есінде

Желтоқсан «уран» қалады

Қинаса қара халықты

Есіне сонда салады.

Қарсы шығып билікке

Жаңаөзен болып жанады,

Булыққан қара халықтың

Толады отқа жанары.

 

Білмегенге Желтоқсан

Тойланатын мереке

Тек Желтоқсан ұраны

Кетпесін болып келеке.

 

Ұғынар болсаң, балақай,

Желтоқсан шеру болған-ды

Биліктегі адамдар

Іріткіні салған-ды.

Қазақты айдап қазаққа

Көптеген жасты сол кезде

Салған еді азапқа.

Ұлт-намыстың қалқаны

Талқандалды: «ұлтшыл»,- деп,

Талайлар сонда қазақты

Жүрген еді кеуделеп.

Алғаш болып Кеңеске

«Еркім бар»,- деп, серпілді.

Сол себепті Отаның

Тәуелсіз бүгін, еркінді.

 

Тәуелсіз сенің қазағың

Еріктісің, тазасың

Желтоқсан жайлы сен-дағы

Параққа жаңа жазасың.

 

16.12.2012 жыл.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhelto-san-zhayly-449667](https://yvision.kz/kk/post/zhelto-san-zhayly-449667)