---
title: "Жексенбілік дастархан: Қызыл шие бәліші"
description: "Жаз мезгілінде жаңа піскен жеміс-жидектер қосылған бәліш дайындау пайдалы да тәтті. Бүгінгі жексенб..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-07T22:08:00+00:00"
modified: "2012-08-12T08:22:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-yzyl-shie-b-lishi-282162"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-yzyl-shie-b-lishi-282162/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жексенбілік дастархан: Қызыл шие бәліші

> Жаз мезгілінде жаңа піскен жеміс-жидектер қосылған бәліш дайындау пайдалы да тәтті. Бүгінгі жексенб...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/ks1WiX4FzH6sfA4u2Gb9Za4N41JniM.jpg)

*Жаз мезгілінде жаңа піскен жеміс-жидектер қосылған бәліш дайындау пайдалы да тәтті. Бүгінгі жексенбілік дастарханымызда қызыл шие қосылған бәліш, оның дайындалу әдісі де оңай әрі тез.* * *

![](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TWCQ21Ms8jPG3B47Ng1N3sreEHj9WA.png)

Бізге қажетті заттар:

Шие - 550 г.

Майсыз сүзбе - 500г.

Қант - 1/3 стақан (80 г.)

Жұмыртқа - 2 дана

Ванилин - 1-2 г.

Алдымен шиемізді жақсылап жуып аламыз да, сүйегінен тазартамыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/2jqe857r5HiNs6yi60h34DPrwQpdB2.jpg)

Пешімізді 180 С-қа дейін қыздырып қоямыз. Блендер немесе ас үй комбайны арқылы сүзбе, жұмыртқа, қант пен ванилинді бір қоспа болғанша араластырамыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/080ckvacENvjgSaiy259J1sqvr1Usb.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/x5qtlyYAwawlr6szmBe3sV1G0h87nu.jpg)

Енді әрбір шиені ұнға аунатып аламыз (ұнға аунатылса, шие формасын жақсы сақтайды).

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/pt1PKZ20OdIpwq760t6IYtN8JZf59j.jpg)

Формасы бар ыдысымызға алдымен қоспаның жартысын құйып, үстіне шиелерді орналастырамыз. Одан соң қалған жартысымен үстін жабамыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/7QzJZb6hy5fPnHueE2Ihn0vF2N299p.jpg)

Қызып тұрған пешімізге салып, 50 минуттай пісіреміз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/L7yDQrbMaQA3427tzz4KXYeVWA112g.jpg)

Астарыңыз дәмді болсын!

*Асханада болған: Айжан Кәрібаева*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-yzyl-shie-b-lishi-282162](https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-yzyl-shie-b-lishi-282162)