---
title: "Жексенбілік дастархан: тез пісірілетін пицца. Пицца рецепт қазақша"
description: "Бүгін «Аспаздық» айдарында оқырмандарымызбен пицца дайындау әдісімен бөліскелі отырмыз. Бұл пиццаны..."
author: "Arsik"
published: "2013-01-27T00:42:46+00:00"
modified: "2014-07-30T19:13:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-tez-pisiriletin-picca-picca-recept-aza-sha-316700"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-tez-pisiriletin-picca-picca-recept-aza-sha-316700/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жексенбілік дастархан: тез пісірілетін пицца. Пицца рецепт қазақша

> Бүгін «Аспаздық» айдарында оқырмандарымызбен пицца дайындау әдісімен бөліскелі отырмыз. Бұл пиццаны...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/VbiBwiUPHxX8HsRZ1QTHwIrcAfSM4y.jpg)

*Бүгін «Аспаздық» айдарында оқырмандарымызбен пицца дайындау әдісімен бөліскелі отырмыз. Бұл пиццаның дайындалу әдісі оңай, әрі тез. Сондай-ақ қашанда тоңазытқыштан табылатын ингредиенттерден тұрады.*

* ![](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/OzTjOHtl2LG57TBwO9t9hJJmIEA6UR.jpg) *

* * Пиццаның қамырын дайындау үшін:

— 2 стақан ұн — 0,5 стақан сүт — 2 жұмыртқа — 0,5 шәй қасық тұз — 3 үлкен қасық сұйық май

Ал, ішіне өзіңіздің талғамыңызға қарай ірімшік, бұрыш, майонез, кетчуп, қызанақ сынды т.б. нәрселер салсаңыз болады. Пиццаның қамырын дайындау үшін алдымен:

![](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/cc93bI9lP5CyhZ1V9rWWuhvzc5vOEE.jpg)

Ұн мен тұзды бөлек табада араластырып аламыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/yphIIu3GY2xA68v4GaPwfMSfPkvhAZ.jpg)

Жұмыртқа, сүт пен сұйық майды екінші табада араластырып аламыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/4rzl2v5BJXkVgnr8ZYeBd5RHsKy7wG.jpg)

Сөйтіп ұн мен тұз араласқан табаға дайын сұйықтықты сұямыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/741jc9yf8Na0S4riig5BQqdoi8kW30.jpg)

Қамырды илеп, 30 минутқа үстін сүлгімен жауып қойып қоямыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/k2TnDTr532M3NZGC04HS9682oa2zi9.jpg)

30 минуттан кейін қамырды екіге бөліп, оқтаумен илей отырып пиццаның пішініне келтіреміз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/gzE38M3V5mali3Xp88tr3o9T066JZO.jpg)

Үстіне майонез бен кетчупты жағамыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/LZa9r6aRSkIHUAGf3Y0y7jzvoD4Ei9.jpg)

Қызанақты саламыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/UM385KQaqYlb4e8fSQe5VO04NuYpos.jpg)

Сырды үгітіп салып, үстіне қара бұрыш себеміз де ыстық пешке 25 минутқа салып қоямыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/3o6b2v5yj9B9A2ShtDy9F1OWW1y7Ik.jpg)

*Пицца дайын! Асыңыз дәмді болсын!*

*Пицца дайындаған: **Айнұр Ракишева***

** ![](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TWCQ21Ms8jPG3B47Ng1N3sreEHj9WA.png) **

*** *** [Денсаулыққа пайдалы салаттар](http://yvision.kz/post/301651) [Үй торты](http://yvision.kz/post/313872) [Тұмауға қарсы шырын](http://yvision.kz/post/297571) [Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](http://yvision.kz/post/288635) [«Құмырсқа илеуі» торты](http://yvision.kz/post/280776) [Қызыл шие бәліші](http://yvision.kz/post/282162) [Sushi step by step](http://yvision.kz/post/277605) [Банан балмұздағы](http://yvision.kz/post/228807) [Шоколад құймақтары](http://yvision.kz/post/226234) [Банан мен шоколад коктейлі](http://yvision.kz/post/226938) [Бесбармақ](http://yvision.kz/post/240985) [Мерекелік салат](http://yvision.kz/post/238128)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-tez-pisiriletin-picca-picca-recept-aza-sha-316700](https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-tez-pisiriletin-picca-picca-recept-aza-sha-316700)