---
title: "Жексенбілік дастархан: Sushi step by step"
description: "Су́ши (жап. すし,寿司, 壽司, 鮨, 鮓, 寿斗, 寿し Су́си ағылш. sushi'); ХФА: [sɯɕi] — жапондардың дәстүрлі тағам..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-07T09:57:00+00:00"
modified: "2012-07-21T23:24:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-sushi-step-by-step-277605"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-sushi-step-by-step-277605/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жексенбілік дастархан: Sushi step by step

> Су́ши (жап. すし,寿司, 壽司, 鮨, 鮓, 寿斗, 寿し Су́си ағылш. sushi'); ХФА: [sɯɕi] — жапондардың дәстүрлі тағам...

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/22ee1Ps8QCqjOXZDt23hGethOi5jc0.jpg)

*

* *

***Су́ши** (жап. すし,寿司, 壽司, 鮨, 鮓, 寿斗, 寿し Су́си ағылш. *sushi'**)**; ХФА: [sɯɕi] — жапондардың дәстүрлі тағамы, күріш, уксус дәмдеуіші мен түрлі теңіз өнімдерінен жасалынады. 1980 жылдардан бастап суши әлемге кең таныла бастады. Бүгінде суши көпшіліктің сүйікті тағамына да айналды. Ал оны артық шығын шығарып ресторанда емес, үйде де тамсанып жеуге болады. Сонымен, бүгін біз сушидің екі түрін: филадельфия және унаги маки жасаймыз.

**

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TWCQ21Ms8jPG3B47Ng1N3sreEHj9WA.png)

Ол үшін бізге 400-500 г. **күріш**, 300-400 г. **қызыл балық**, арнайы **филадельфия** ірімшігі, **соя**, 1 **қияр**, 100 г. **арнайы уксус**, **нори**, жарты шай қасық қант, қызыл **уылдырық **керек.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/42j5fVx3Ann3ZXaAkI3F36xBFla834.jpg)

*

* *

* *Алдымен күрішті суға салып пісіреміз, күрішті пісірудің арнайы әдісі бар. Ол үшін күрішті 5-6 рет жақсылап жуып алу керек. Одан соң күрішті ыдысқа салып 3-4 см. асатындай су құйып қайнатамыз. Алғашында қатты отқа бір бұрқ етіп қайнатып, сәлден соң астын қатты басып қою керек. Күріш піскен соң, оны суытамыз. Күрішіміз суығанша, уксусқа қант қосып еземіз.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/qo8NxYAyZjnwsQYl0Q6lOHcnx7K0zY.jpg)

*

* *

* *Дайын болғанда суыған күрішімізге құйып араластырамыз. Күріштің дәмін бір тексеріп алу керек. Уксус дәмі аздау болса, үстінен құямыз. Осымен күрішіміз дайын.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/RDBO73c0GHmJMYn9fzuek4T5TR7xp7.jpg)

*

* *

* *Енді ағаш төсегішін целлофанмен қаптаймыз (болашақта бірнеше мәрте пайдалану үшін). Бір нори жапырағын аламыз.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/95yHjqAs3U38BQ6Jx05xaZkDiOqRfL.jpg)

*

* *

* *Оны екіге бөліп аламыз* *

* *

*.*

* *

* *

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/VrWiGVUH0ux8w0f1ggotUWmI099eRq.jpg)

*

* *

* *Енді оның үстіне күрішімізді қаптаймыз.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/28KCXFbhunipl2R72MpHO21Zxr4AVo.jpg)

*

* *

* *Күріш жақсылап жабысуы керек. Енді оның ортасына қызыл балық, қияр үзінділері мен кішкене қызыл уылдырық қосамыз.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/UHPjoiQ5JKedN16S1FKRFUUj9m0Z6q.jpg)

*

* *

* *Болды, енді жақсылап аударамыз.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Rw5RDRD41PUiaPCS0omJMIS3d5Y72a.jpg)

*

* *

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/UE77N3f1JcT4UJ1rPVXKOnKpFg91y5.jpg)

*

* *

* *Енді филадельфия жасау үшін тағы да нориге жақсылап күрішті жаямыз.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/43bD5JvpBbZU874D0umBGuy2h0iuYU.jpg)

*

* *

* *Оны аударып, үстіне ірімшік саламыз.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/vNE5983XLk06fn7rEWfCqJE40smKYJ.jpg)

*

* *

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ntcwFaX1u9E3Z8dmos11SXV19v3Yuq.jpg)

*

* *

* *Қызыл уылдырық.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/VXMiC0uaBorRb7i5tmyTbua9U8M1ed.jpg)

*

* *

**Енді бұдан ролл жасаймыз.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/EsTAX4tDtF28d0IkKfu6Lce2oAAaAN.jpg)

*

* *

**Бізде мынадай ролл пайда болады, оның үстіне тілімдеп қызыл балықты орналастырамыз.

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/KBY4x4PQ03vOQz3NXTkal1T60VsjV7.jpg)

*

* *

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/fwAQgSB0UGRE2sgWGV8aX2WQw6d7hl.jpg)

*

* *

**Бұл ұзын роллдарды өткір пышақты суға малып отырып, кішкентай төртбұрыштарға бөлеміз. Сонымен біздің сушиларымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

*

![Жексенбілік дастархан: Sushi step by step](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/hppmxlBTq39drQ9PB2w1395yqzWPB5.jpg)

*

*Асханада болған **Баян Берекетқызы***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-sushi-step-by-step-277605](https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-sushi-step-by-step-277605)