---
title: "Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты"
description: "Аз уақытта дайындалатын шоколадты торт арқылы жексенбіңізді мерекеге айналдырып жіберіңіздер. Ол үш..."
author: "Arsik"
published: "2013-04-07T04:00:27+00:00"
modified: "2013-04-07T04:00:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-shoko-shokolad-torty-346265"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-shoko-shokolad-torty-346265/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты

> Аз уақытта дайындалатын шоколадты торт арқылы жексенбіңізді мерекеге айналдырып жіберіңіздер. Ол үш...

*Аз уақытта дайындалатын шоколадты торт арқылы жексенбіңізді мерекеге айналдырып жіберіңіздер.*

*

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/1ZxZD877Q4JtH6w0Q2Xq20rRxKU9XG.jpg)

*

*Ол үшін бізге:*

**Бисквитке**

- 350 г. қоюлатылған сүт

- 2 жұмыртқа

- 125 г. ұн

- 25 г. какао

- 1 ш.қ. сода

**Кремге**

- 500 мл. сүт

- 150 г. қант

- 1 жұмыртқа

- 70 г. ұн

- 25 г. какао

**Глазурь үшін**

- 150 г шоколад

- 35 %-дық 75 мл қою сүт (сливки) керек.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/C7ZM2qu8PbWfL5y2Tl8BFMfIjk3Os0.jpg)

Бірден пешімізді 180 С қыздырып қоюға болады. Алдымен жұмыртқаны үлпілдеген ақ көпіршік болғанға дейін миксермен араластырамыз.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/3ffzwRHrg8dw5Aq5C887oX6lNVb78K.jpg)

Оның үстіне қоюлатылған сүт (сгущенка) мен соданы қосамыз.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/rK5dt9DBmlmHIND543dor8jhxZ2S4e.jpg)

Дұрыс мөлшерленген ұн мен кокаоны қосамыз да, араластырамыз (миксермен емес).

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/zVs6zv30GBSn5I3266AHWZWzhC208D.jpg)

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/e4a45oslp1m8w0EmB67el1L5ByZ9g9.jpg)

Енді қоспаны алдын ала асты майланған орташа табаға құйып, пешке 25 минутқа салып қоямыз.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/B2DNx2Z3ZFFiryVq22NuvgCsq14ikW.jpg)

Бұл аралықта кремнің мәселесін шешейік. Ол үшін бірінші жұмыртқаны миксерлеп, оған қант, сүт, ұн қосамыз. Сүтті де дұрыстап мөлшерлеу керек.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/75966zImM1Tfo2bhgB046XaYXDu8hH.jpg)

Оның бәрін маздаған отқа қоямыз да, қайнағанынша араластырып тұруды ұмытпаймыз.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/3m97e1C3yHggkqIYDVBc74bqE1uOsY.jpg)

Соңында какао қосып араластырып, оттан алып, суытып қоямыз. Бізде енді торт құрастыратын екі дайын материал пайда болды.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/uUT6e9eRt4a34XS4MEwfWOuSX5jqAW.jpg)

Дайын болған бисквитті үш коржға бөлеміз. Әр коржды кремдеп, торт құрастырамыз да, оның бәрін 6 сағатқа тоңазытқышта суытамыз.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/NUfW1VRRRe2cmGuWkNrf8Mh2EbeJkm.jpg)

Торт жинақы қалпына келгеннен кейін, тоңазытқыштан алып, енді глазурь дайындаймыз. Ол үшін бар болғаны қою сүтте шоколадты ерітеміз.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/b9qoXxBBEx1yk6TVbNi8PdaQmWwrZ9.jpg)

Еріп, қайнаған соң, глазурьді бірден торттың үстіне құямыз. Оған да қату үшін біраз уақыт берейік. Нәтижесінде бисквиттің арасында әдемі үйлескен жұмсақ крем мен үстіндегі шоколадты глазурі бар тәтті торт шығады. Оның үстін қалауыңызша әрлеуге болады. Маған шоколад пен бананның үйлесуі әрдайым ұнайтын.

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/r4VQF990r90FYFmoV6MR5PJB8iPStr.jpg)

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/rFXaRML65M8DrA8LF8FRPzg4lQahfR.jpg)

*Астарыңыз дәмді болсын!*

*Асханада болған **Айжан Кәрібаева ***

*Фотолар инстаграмда өңделді, менің инстаграмым: [http://instagram.com/aizhan_karibay/](http://instagram.com/aizhan_karibay/)*

***

![Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TWCQ21Ms8jPG3B47Ng1N3sreEHj9WA.png)

*** [Денсаулыққа пайдалы салаттар](http://yvision.kz/post/301651) [Үй торты](http://yvision.kz/post/313872) [Тұмауға қарсы шырын](http://yvision.kz/post/297571) [Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](http://yvision.kz/post/288635) [«Құмырсқа илеуі» торты](http://yvision.kz/post/280776) [Қызыл шие бәліші](http://yvision.kz/post/282162) [Sushi step by step](http://yvision.kz/post/277605) [Банан балмұздағы](http://yvision.kz/post/228807) [Шоколад құймақтары](http://yvision.kz/post/226234) [Банан мен шоколад коктейлі](http://yvision.kz/post/226938) [Бесбармақ](http://yvision.kz/post/240985) [Мерекелік салат](http://yvision.kz/post/238128) [Тез пісірілетін пицца](http://yvision.kz/post/316700)

* *

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-shoko-shokolad-torty-346265](https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-shoko-shokolad-torty-346265)