---
title: "Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш"
description: "Аспаздық айдарынның бүгінгі санында сіздермен қатпарлы бәліш немесе ватрушка жасаудың әдіс-тәсіліме..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-09T20:03:00+00:00"
modified: "2012-09-08T19:27:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-s-zbe-osyl-an-atparly-b-lish-288635"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-s-zbe-osyl-an-atparly-b-lish-288635/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш

> Аспаздық айдарынның бүгінгі санында сіздермен қатпарлы бәліш немесе ватрушка жасаудың әдіс-тәсіліме...

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/yAs0j81y04Si3015nkSfpiU5XftkAV.jpg)

*Аспаздық айдарынның бүгінгі санында сіздермен қатпарлы бәліш немесе ватрушка жасаудың әдіс-тәсілімен бөліскіміз келеді. Қатпарлы ватрушка кәдімгі ватрушкаға қарағанда жеңіл тағам. Сонымен қатар, оны дайындау әдісі оңай әрі тез.*

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/9fl30rA0Ax1a52z4jv5rZqG6gkaoH6.jpg)

**Бізге қажетті заттар:**

- Сүзбе

- Қант

- Ванилин ұнтағы

- Қатпарлы қамыр:
- 200 г.

- маргарин.

- 2 стақан - ұн

- 1/2 стақан - су

- 1 шәй қасық - қант

- 1/4 шәй қасық - тұз

**Қатпарлы қамырды жасау үшін:** бірінші, ұнға маргаринді бөлшектеп саламыз. Екінші, суық суға қант пен тұзды салып, толық ерігенше араластырамыз. Үшінші, дайын болған суық суды май салынған ұнға құйып, тез илеп қоямыз.

Иленген қамырдың үстін майлықпен жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа (1 түнге қойып қойса да болады) қойып қоямыз. Артынша қамырды тоңазытқыштан алып жаямыз. Жайылған қамырдан қатпарлы қамыр шығуы үшін бірнеше қатпар қылып, бүктей отырып, қайта илейміз.

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/9xrP3JebcIfSQRQxlfpBfni1yn0F9s.jpg)

Дайын қатпарлы қамырды бірнеше бөлікке бөліп, домалақтап, майланған қаңылтыр табаға саламыз.

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/sbgkBk7UZniKx2TT3rD97XI4qHFMbu.jpg)

Домалақ қамырдың барлығын сүзбе салғанға ыңғайлаймыз.

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/mLZQbIZ9vl7L4tS39xnZ2V9q68Sa3U.jpg)

Сүзбені қамырға салмас бұрын қантпен араластырып аламыз.

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/afKZGfeTNvY7pZ20tiu904jceJDy2z.jpg)

Дайын сүзбені әрбір бәлішке салып шығамыз.

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/9g9pbx1dvDVnpKS0arM2Qxj8WAQAfO.jpg)

Бәліштерімізге әдемі рең беру үшін үстінен жұмыртқаның сарысын жағамыз.

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/XT63FtQcJeb9Ej6k4eX75bCjdC6858.jpg)

Артынан 280 градусқа дейін қызған пешке салып, қызарғанша пісіреміз.

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Km632kIJMvEMKqC1Rl0Od1EWdBpmHh.jpg)

Піскен бәліштердің үстінен ванилин ұнтағын себеміз. Сүзбе қосылған тәтті қатпарлы бәліш дайын.

![Жексенбілік дастархан: Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/7cF8gYSPzqzFveF9ZV7fnwVD1el58m.jpg)

Астарыңыз дәмді болсын!

*Асханада болған Айнұр Ракишева*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-s-zbe-osyl-an-atparly-b-lish-288635](https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-s-zbe-osyl-an-atparly-b-lish-288635)