---
title: "Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты"
description: "Бүгін барлығымызға бала кезімізден таныс балдай тәтті «Құмырсқа илеуі» деп аталатын торт жасаудың жа..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-07T22:52:00+00:00"
modified: "2012-08-04T23:04:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-myrs-a-ileui-torty-280776"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-myrs-a-ileui-torty-280776/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты

> Бүгін барлығымызға бала кезімізден таныс балдай тәтті «Құмырсқа илеуі» деп аталатын торт жасаудың жа...

Бүгін барлығымызға бала кезімізден таныс балдай тәтті «Құмырсқа илеуі» деп аталатын торт жасаудың жаңа әдісімен бөліскім келіп отыр.

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ZwiPs25Uw1O02dzczA78Va0hwbgTnm.jpg)

Алдымен бұл тортты жасауға қажетті ингредиенттерді тізбектеп алсақ.

- Ұн

- 1 стақан қант

- 1 шәй қасық уксуспен сөндірілген сода

- 250 г маргарин

- 2-3 жұмыртқа

- 1 банка қоюлатылған сүт.

Жұмыртқаны қантпен жақсылап араластырып, үстінен сода, маргарин және ұн саламыз. Оны илеп қатты қамыр жасаймыз.

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/wNRigymG6HuIMglk74CNO8Z9tJGv4Y.jpg)

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/4440vO0fPTuN7M52QPRW2rZ6MYAMjm.jpg)

Одан кейін қаңылтыр табаны майлап, оған ет тартқыш арқылы өткен қамырды ұқыптап салып, алдын-ала ысытылған духовкаға саламыз.

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/q8x7gs7UJ247N0OzbP8LFF8OSmmJ24.jpg)

Қамыр қоңырқай түске еңіп қытырлақ нанға айналған кезде оны духовкадан аламыз.

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/41jNrx8BT7yK1PlS5OxvlsG40dguwv.jpg)

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ZdVuenyqmTX9C0X19M6hDEk3DIxb1R.jpg)

Дайын қытырлақ нанды қатты майдалаймай бірнеше бөлшекке бөліп суытып қоямыз.

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/9PkipSd4k6sHIf41C4P2J1KvTS0Abf.jpg)

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/p7TGzj8tkqPaCzf0GA0aFf9FVWdDs5.jpg)

Суыған қытырлақ нандардың барлығын табаға салып, үстіне қоюлатылған сүтті құйып жақсылап араластырамыз.

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/HZOuYRZH4F1b7k1FMTma1Lk9IBJKit.jpg)

Қоюлатылған сүтпен жақсылап араластырылған қытырлақ нанды тәрелкеге әдемілеп салып, қоюлатылған сүт қытырлақ нанға сіңуі үшін оны тоңазытқышқа салып қоямыз.

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/MR1Sn99o2KJ6raZcusK6FE1kCRRUfR.jpg)

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/NFPdjRjAL8DO7OKR002sVQRiW6Dgsz.jpg)

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/P5pRB8Sd85vdLkl0mu0Jgdyb8W5bZk.jpg)

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/rFxJ26fcRm54H4UmeqvMMzh6P4qy8g.jpg)

Әдемілік үшін үстіне еріген шоколад құямыз.

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Y879dJ9KXHhgs8MLwIC1sTkH7ARX1c.jpg)

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/VvRa1LMut97qKMoWYlqBjgoBipeg7S.jpg)

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Z44eU53NmCNKGDS87VZw5DshXW38kf.jpg)

Дайын тортты әдемілеп кесіп, қонақтарыңызға ұсынсаңыз болады :)

![Жексенбілік дастархан: «Құмырсқа илеуі» торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/z75eC92YKuFxa67LKdtrKlfaWD7Qo6.jpg)

Ас болсын!

*Асханада болған Айнұр Ракишева*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-myrs-a-ileui-torty-280776](https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-myrs-a-ileui-torty-280776)