---
title: "Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар"
description: "Бүгін «Аспаздық» айдарында жеңіл, қолжетімді, әрі денсаулыққа пайдалы салаттың екі түрімен танысамыз..."
author: "Arsik"
published: "2012-11-14T02:22:00+00:00"
modified: "2012-11-11T06:18:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-densauly-a-paydaly-salattar-301651"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-densauly-a-paydaly-salattar-301651/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар

> Бүгін «Аспаздық» айдарында жеңіл, қолжетімді, әрі денсаулыққа пайдалы салаттың екі түрімен танысамыз...

*Бүгін «Аспаздық» айдарында жеңіл, қолжетімді, әрі денсаулыққа пайдалы салаттың екі түрімен танысамыз. Бұл салаттар әсіресе спортпен шұғылданатын адамдарға қажет.*

*

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/rWW5apHbH3g96GgyVpl1kyDlEl2H7I.jpg)

*

Бірінші салатымыздың құрамында **брокколи ***(broccoli) *бар. Бұл өсімдіктің ағзаға не пайдасы бар? Брокколиде А, С, Е, В1, В2, РР дәрумендері мен минералды заттар (калий, кальций, темір, натрий, фосфор, магний, мырыш, марганец, йод, хром, бор) бар. Оған қоса, метионин, тиамин, фолий қышқылы, холин мен рибофлавин бар.

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/qLNg2kdUB5eqvt0kQSBc1Mb375dLt7.jpg)

Сонымен, брокколиден жасалған салат үшін бізге не қажет:
- брокколи

- қияр (бізде тұздалған)

- сәбіз

- жүгері (консервіден)

- өсімдік майы

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/SJ3y25dIk2N77ozq7ie2u8hIGPKEbn.jpg)

*Бірінші, сәбіз бен брокколиді суға салып пісіреміз.*

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/JYCdqg9Rb2bI1586nC3lhiBVZtghQ7.jpg)

*Қиярды турап аламыз.*

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/3fKu9Fkhugwd4zDAGlCijbXwFSRlVs.jpg)

*Сәбізді үккіштен өткізіп аламыз.*

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/03jAmvuPZgRxW4166yAOQy9znhxT5H.jpg)

*Брокколиді турап аламыз.*

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/5lYjTQld467l7o5137ZssQi6RR9o7E.jpg)

*Май мен жүгеріні қосып, араластырамыз, қажет деп есептесеңіз, лимон шырынын аздап қосуға да болады.*

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/2O8D49UPFZAvSOCf34FN2e8tAGNGX1.jpg)

*Салат дайын.*

*

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/xapon/dKXWGX1GLBC53RL8gv1ol0yqpi8i9Y.jpg)

*

Келесі салат одан да жеңіл жасалынады, ал оның басты қосындысы - **шпинат** (саумалдық). Шпинаттың ағзаға не пайдасы бар? Шпинаттың құрамында жасұнық (клетчатка), калий, кальций, фосфор, магний, натрий, темір, цинк, магний, фтор, С, В1, В2, В3, В6, РР, Е, К, Р, D, Н дәрумендері, фолий қышқылы (В9 дәрумені), А продәрумені (каротин) бар. Шпинаттағы С мен А дәрумендерінің ерекшілігі - пісірілген кезде олар өз пайдасын жоғалтпайды.

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/YJChh8sgGZKgw2xh16t7imZhl3AUpM.jpg)

Шпинат К дәруменіне өте бай, бұл дәрумен сүйегіміздің берік болуына әсер етеді.

Салат үшін бізге не қажет:
- шпинат

- қызанақ

- лимон

- фета ірімшігі

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/cr9XUuye660M8YNQLY60HtOmON6V5u.jpg)

Шпинат, фета мен қызанақты турап аламыз.

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/FgS2ONIW9QkvV766o1QEVo195r3UP3.jpg)

Лимон шырынын қосып, араластырамыз.

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/uENgqR81igKq102h8iiP7ZZhjAE8yK.jpg)

![Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/awMEIP0J7jd8CgjpsYZnNwu79Auvav.jpg)

Кейін бұл салатты жиі жасағандықтан, болгар бұрышын турап, зәйтүн қосатын болдым. Сіз де жасап көріңіз.

*Асыңыз дәмді болсын! *

*© Екпін*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-densauly-a-paydaly-salattar-301651](https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-dastarhan-densauly-a-paydaly-salattar-301651)