---
title: "Жексенбілік аспаздық: үй торты"
description: "Менің ең сүйікті тортым «Наполеон». Алайда ол тортты осы уақытқа дейін жасап көрген емеспін, жасалу..."
author: "Arsik"
published: "2013-01-13T00:29:45+00:00"
modified: "2014-08-03T02:00:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-aspazdy-y-torty-313872"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-aspazdy-y-torty-313872/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жексенбілік аспаздық: үй торты

> Менің ең сүйікті тортым «Наполеон». Алайда ол тортты осы уақытқа дейін жасап көрген емеспін, жасалу...

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Iv289Bt2lqkB3U55375WlG21879faY.jpg)

*Менің ең сүйікті тортым «Наполеон». Алайда ол тортты осы уақытқа дейін жасап көрген емеспін, жасалу жолы қиын болғандықтан батылым жетер емес. Содан бір күні «Наполеонға» ұқсайтын, бірақ жасалу жолы оңай торт жасаудың әдісін ойлап, асханаға келдім. Сөйтіп торт жасауға арналған заттарды алып, торттың қамырын дайындадым.*

— Май — 100 гр. — Қант — 1 стақан — Бал — 2 ас қасық — Жұмыртқа — 2 дана — Ұн — 400 гр. — Сода

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/XxFk7IEwG78NDp6luYCmV0Yjdgh10I.jpg)

Алдымен баяу жанып тұрған отқа ыдыс қойып ішіне май, қант, бал, екі жұмыртқаны салып араластырамыз.

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/eAVbtT43VGm39aP7uE0TpaFbH9JBsV.jpg)

Әбден араластырып болғаннан кейін үстіне 200 гр. ұн саламыз.

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/UQf6YNgWdNX8HDFT373pw76Ax5DHpi.jpg)

Ұн мен қоймалжын қоспаны толықтай араластырамыз.

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/QYZXsUM011J8sDhgF4HGJ7rOIl3G1U.jpg)

Үстінен қалған 200 гр. ұнды салып, қамыр илейміз.

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/t706m0pbGsh6l2atGL5oYsdkBxc27r.jpg)

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Es4ne7qqj2dseX1RNjiJG7Ug9wIYYn.jpg)

Дайын қамырды бөліктерге бөлеміз.

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/CM0kpI6uAvYQw1c3w99996sl0Z7Sm8.jpg)

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/ohlRa7slF7CfWBy1DG1p6w6i9wcrzO.jpg)

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Z4ISjA0BqWP86nT867qQHUpEBMlYZh.jpg)

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/agfxGX6294ixOk5nfiW0XLK2Vv1HgU.jpg)

Қамырды жайып, майланған табаға салып, піскен кезде қамыр үрленіп кетпес үшін қамырға тесіктер жасаймыз. Сөйтіп алдын ала қыздырып қойған духовкаға қамырды саламыз да, күйіп кетпес үшін қарап тұрамыз (бір қамыр небәрі 3-4 минут піседі).

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/I2Q54KZlmL1OTn2R1tacQ5SAbEYyF5.jpg)

Торттың **кремі** үшін: — Қоюлатылған сүт — 1 банка — Сары май — 200 гр.

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/liAQbKDbVMit1hSRdziFnpyb4n9Lwb.jpg)

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/IY95Dk9Ty8BMeX6HgMe251mczz1A9g.jpg)

Қоюлатылған сүт пен майды қосып, үлпілдеген крем шыққанша миксермен араластырамыз.

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/RLcB5ceR19H0WOvCoIA8n9DsA9hO3A.jpg)

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/avVca3Orxn6jDL6Wpp43J5Zr6tyqh9.jpg)

Кремді барлық нандарға жағып, дайын тортты 5-6 сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз.

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/O2013xisT5F996ost547LFDnhg4VcR.jpg)

Тоңазытқыштан алып, торттың үстіне кез-келген өзіңізге ұнайтындай етіп безендірсеңіз болады. Мен торттың үстіне шоколадты ерітіп, оның үстіне грек жаңғағының үгітіндісін септім.

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Fz9O9gTrZFFeyWQxo35VS3i1l6Ct6Y.jpg)

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/xXAM2M4rffi2UFW5BLn9769DoUxp3q.jpg)

*Асыңыз дәмді болсын!*

*Торт пісірген: **Айнұр Ракишева***

![Жексенбілік аспаздық: үй торты](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/TWCQ21Ms8jPG3B47Ng1N3sreEHj9WA.png)

[Денсаулыққа пайдалы салаттар](http://yvision.kz/post/301651) [Тұмауға қарсы шырын](http://yvision.kz/post/297571) [Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш](http://yvision.kz/post/288635) [«Құмырсқа илеуі» торты](http://yvision.kz/post/280776) [Қызыл шие бәліші](http://yvision.kz/post/282162) [Sushi step by step](http://yvision.kz/post/277605) [Банан балмұздағы](http://yvision.kz/post/228807) [Шоколад құймақтары](http://yvision.kz/post/226234) [Банан мен шоколад коктейлі](http://yvision.kz/post/226938) [Бесбармақ](http://yvision.kz/post/240985) [Мерекелік салат](http://yvision.kz/post/238128)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-aspazdy-y-torty-313872](https://yvision.kz/kk/post/zheksenbilik-aspazdy-y-torty-313872)