---
title: "Жекпе-жек өнерінің шебері Қуат Хамитов ONE FC құрамында өзінің алғашқы кездесуін өткізеді"
description: "22 мамырда Сингапурдің «Indoor stadium Singapore» стадионында Қазақстанның жекпе-жек өнерінің ма..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-05-22T02:12:44+00:00"
modified: "2015-05-22T02:12:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhekpe-zhek-nerini-sheberi-uat-hamitov-one-fc-ramynda-zini-al-ash-y-kezdesuin-tkizedi-503588"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhekpe-zhek-nerini-sheberi-uat-hamitov-one-fc-ramynda-zini-al-ash-y-kezdesuin-tkizedi-503588/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жекпе-жек өнерінің шебері Қуат Хамитов ONE FC құрамында өзінің алғашқы кездесуін өткізеді

> 22 мамырда Сингапурдің «Indoor stadium Singapore» стадионында Қазақстанның жекпе-жек өнерінің ма...

[!\[Жекпе-жек өнерінің шебері Қуат Хамитов ONE FC құрамында өзінің алғашқы кездесуін өткізеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/05/20150521154255-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/05/20150521154255.jpg)

22 мамырда Сингапурдің «Indoor stadium Singapore» стадионында Қазақстанның жекпе-жек өнерінің майталманы, «Найман» деген лақап атпен белгілі Қуат Хамитов әлемге белгілі ONE FC ұйымы құрамында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Мен өте мықты қарсыласпен жекпе-жекке шығайын деп жатырмын. Жақсы өнер көрсетеміз деген үміттемін және елге жеңіспен оралатыныма сенемін», — деп жазған Қ. Хамитов. Оның қарсыласы шынында да осал емес. Жекпе-жек өнерінің белгілі шебері — Лоуен Тайнанес (АҚШ). Ол кезінде Филипп Эномото (Felipe Enomoto), Вусиле Колосса (Vuyisile Colossa), Эдуард Фолаянг (Eduard Folayang) секілді спортшыларды тізе бүктірген. Жекпе-жекті ресейлік «Боец» телеарнасынан және [www.oneppv.com](http://www.oneppv.com/) сайты арқылы онлайн жүйесінде Астана уақыты бойынша 17:00-де тамашалауға болады. Айта кетелік, ONE FC — 2011 жылы Сингапурде құрылған әлемге белгілі азиялық спорт ұйымы.

Автор: [Жаппарберген Айбота](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/989)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhekpe-zhek-nerini-sheberi-uat-hamitov-one-fc-ramynda-zini-al-ash-y-kezdesuin-tkizedi-503588](https://yvision.kz/kk/post/zhekpe-zhek-nerini-sheberi-uat-hamitov-one-fc-ramynda-zini-al-ash-y-kezdesuin-tkizedi-503588)