---
title: "Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру барысын талдау"
description: "Сату кестесіне сәйкес маусым-қыркүйек айларында 105 объектіні жекешелендіру жоспарланған. Ағымдағы ж..."
author: "AdilNazar"
published: "2014-10-02T08:43:25+00:00"
modified: "2014-10-02T08:43:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhekeshelendirudi-keshendi-zhosparyn-iske-asyru-barysyn-taldau-432185"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhekeshelendirudi-keshendi-zhosparyn-iske-asyru-barysyn-taldau-432185/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру барысын талдау

> Сату кестесіне сәйкес маусым-қыркүйек айларында 105 объектіні жекешелендіру жоспарланған. Ағымдағы ж...

*Сату кестесіне сәйкес маусым-қыркүйек айларында 105 объектіні жекешелендіру жоспарланған. Ағымдағы жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 94 объекті сатуға қойылды, оның 49 объектісі сатылды, оның ішінде республикалық меншіктегі 2 объекті, коммуналдық, ӘКК-ні қоса алғанда – 39 және Холдингтердің 8 объектісі сатылды.*

**Республикалық меншік бойынша**

Сату кестесімен маусым-қыркүйек айларында 8 объектіні сату жоспарланған, нақты 10 объектіге (қосымша 2 объекті қойылды) сату жарияланды, олардың ішінен 2 объекті сатылды, сауда-саттықтарға қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты, 6 объекті бойынша сауда-саттық болған жоқ; 1 объекті сауда-саттықтан алынып тасталды, 1 объекті бойынша басымды сатып алу құқығына сәйкес сатып алу-сату шарты жасалатын болады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/6Z3z8LWr2MNOuV8PsbTSpd3LW8MfVX.jpg)

**Коммуналдық меншік бойынша**

Маусым-қыркүйек айларында Кестемен сегіз өңірде *(Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Алматы қаласы және Астана қаласы)* сату белгіленді. Коммуналдық меншіктің сатуға жоспарланған объектілерінің жалпы саны 36-ны құрады, өңірлердің әкімдіктерімен қосымша 13 объекті қойылды, олардың сату мерзімі кесте бойынша әлі келген жоқ. Осылайша, сатуға барлығы 48 объекті қойылды, олардың ішінен 21-і сатылды.

**Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша**

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша маусым-қыркүйек айларында Кестемен бес ӘКК *(«Ақтөбе» ӘКК, «Ертіс» ӘКК, «Орал» ӘКК, «Тобыл» ӘКК, «Алматы» ӘКК)* сату белгіленді. Сатуға жоспарланған объектілердің жалпы саны 26-ы құрады, нақты 19 объекті сатуға қойылды, олардың ішінде 18-і сатылды.

Ағымдағы жылғы 1қазандағы жағдай бойынша «Ақтөбе» ӘКК, «Орал» ӘКК, «Алматы» ӘКК бойынша Кестеден едәуір қалып қою анықталды:

- «Ақтөбе» ӘКК бойынша сатуға жоспарланған 15 объектіден 6 объекті қойылды, олардың ішінен 5 объекті сатылды;

- «Алматы» ӘКК бойынша сатуға 3 объекті жоспарланған, олар бағалау жүргізілмегендіктен қойылған жоқ;

- «Орал» ӘКК бойынша сатуға жоспарланған 4 объектіден нақты 1 объекті қойылды, бірақ ол сатылмады.

**Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша**

2014 жылға арналған сату кестесіне сәйкес маусым-қыркүйек айларында сатуға жоспарланған объектілердің жалпы саны 35-ті құрады, нақты 16 объекті қойылды, олардың 8-і де сатылды, оның ішінде;

- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бойынша сатуға жоспарланған 28 объектінің ішінен нақты 12 объекті қойылды және оның 4 сатылды.

- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бойынша сатуға жоспарланған 2 объектінің ішінен 1 объекті қойылды және сатылды.

- «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ бойынша сатуға жоспарланған 4 объектінің ішінен 2 объекті қойылды және сатылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhekeshelendirudi-keshendi-zhosparyn-iske-asyru-barysyn-taldau-432185](https://yvision.kz/kk/post/zhekeshelendirudi-keshendi-zhosparyn-iske-asyru-barysyn-taldau-432185)