---
title: "Жекешелендіру аясында саудаға 421 объекті шығарылды"
description: "2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 831 объекті жоспарланған. 2014 жылдың мау..."
author: "minfingovkz"
published: "2015-12-22T07:43:52+00:00"
modified: "2015-12-22T07:43:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhekeshelendiru-ayasynda-sauda-a-421-obekti-shy-aryldy-669410"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhekeshelendiru-ayasynda-sauda-a-421-obekti-shy-aryldy-669410/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жекешелендіру аясында саудаға 421 объекті шығарылды

> 2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 831 объекті жоспарланған. 2014 жылдың мау...

2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 831 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 492 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 22 желтоқсандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 421 объекті шығарылды, оның ішінде 233 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 12, коммуналдық меншік бойынша - 110, ӘКК - 61, холдингтер бойынша - 50.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 4 949 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 902 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 964 млн. теңге.

**Республикалық меншік бойынша**

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 40 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 27 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 22 желтоқсандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 объекті шығарылды, оның ішінде 12 объекті сатылды.

**Коммуналдық меншік бойынша**

Барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 490 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 243 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 22 желтоқсандағы жағдайы бойынша 216 объекті шығарылды, соның ішінде 110 объекті сатылды.

**Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша**

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 111 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 85 объекті сатуға қойылды, 61 объекті сатылды.

**Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша**

2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 127 объекті жекешелендіруге жатады, 22 желтоқсандағы жағдайы бойынша жоспарланған 111 объектінің 93 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhekeshelendiru-ayasynda-sauda-a-421-obekti-shy-aryldy-669410](https://yvision.kz/kk/post/zhekeshelendiru-ayasynda-sauda-a-421-obekti-shy-aryldy-669410)