---
title: "Жекеменшік баспана кооператив қызметкерлері Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметімен танысты"
description: "12 сәуір күні өткен кездесу барысында жастардың әлеуметтік мәселелері жөніндегі ақпараттық-кеңестік ..."
author: "CRMI"
published: "2016-04-12T06:48:51+00:00"
modified: "2016-04-12T06:48:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhekemenshik-baspana-kooperativ-yzmetkerleri-zhastar-bastamalaryn-damytu-ortaly-yny-yzmetimen-tanyst-688735"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhekemenshik-baspana-kooperativ-yzmetkerleri-zhastar-bastamalaryn-damytu-ortaly-yny-yzmetimen-tanyst-688735/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жекеменшік баспана кооператив қызметкерлері Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметімен танысты

> 12 сәуір күні өткен кездесу барысында жастардың әлеуметтік мәселелері жөніндегі ақпараттық-кеңестік ...

12 сәуір күні өткен кездесу барысында жастардың әлеуметтік мәселелері жөніндегі ақпараттық-кеңестік бөлімнің жетекшісі Төлеген Жұмабекұлы Айтбаев жұмыстың негізгі бағыттарымен таныстырып, әрбір сервистің қызметін, яғни, жастар мен жас отбасылардың тұрғын-үй мәселелерін шешу жөнінде, жас кәсіпкерлікке жәрдемдесу жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, «Ерекше жандар» клубы қызмет атқарып жүрген мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі сервис жұмысының жүргізіліп жатқанын да белгіледі.

![Жекеменшік баспана кооператив қызметкерлері Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметімен танысты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/V31G8os421yDcST0pUxamZX7s3rYTw.jpg)

Ең алдымен, ЖБК өкілдерін тұрғын-үй мәселесі қызықтырды, нақты айтқанда мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алудың қандай мүмкіндіктері бар екендігі, байқауға қатысу үшін қандай құжаттардың қажет екендігі және аталған бағдарламаларда қатыса алатын адамдар санаты қызықтырды.

Бұл сынды кездесулер, ордан арғы өзара ынтымақтастық мақсатымен өткізіледі. Осылайша, жекеменшік баспана кооперативі мен Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлері бірлескен әлеуметтік-маңызды іс-шаралар өткізу идеяларымен алмасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhekemenshik-baspana-kooperativ-yzmetkerleri-zhastar-bastamalaryn-damytu-ortaly-yny-yzmetimen-tanyst-688735](https://yvision.kz/kk/post/zhekemenshik-baspana-kooperativ-yzmetkerleri-zhastar-bastamalaryn-damytu-ortaly-yny-yzmetimen-tanyst-688735)