---
title: "Жеке тұлғаларға салынатын көлік құралдары салығын есептеу мен төлеу тәртібі"
description: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қы..."
author: "ceka"
published: "2015-04-26T23:18:21+00:00"
modified: "2015-04-26T23:18:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheke-t-l-alar-a-salynatyn-k-lik-raldary-saly-yn-esepteu-men-t-leu-t-rtibi-495138"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheke-t-l-alar-a-salynatyn-k-lik-raldary-saly-yn-esepteu-men-t-leu-t-rtibi-495138/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жеке тұлғаларға салынатын көлік құралдары салығын есептеу мен төлеу тәртібі

> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қы...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына және Салық кодексінің 546-бабына сәйкес, меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар көлiк құралы салығын төлеушiлер болып табылады және де белгіленген мерзімде салықты төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар беретін мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.

Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейiнгi аралықта кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ерi" атақтарына ие болған, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және "Отан" орденiмен марапатталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.

Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады. Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.

Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

**А.КОЙШЫБАЕВА, К.ТУРСЫНБАЕВ**

**Тараз қалалық мамандандырылған**

**ХҚКО инспекторлары**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheke-t-l-alar-a-salynatyn-k-lik-raldary-saly-yn-esepteu-men-t-leu-t-rtibi-495138](https://yvision.kz/kk/post/zheke-t-l-alar-a-salynatyn-k-lik-raldary-saly-yn-esepteu-men-t-leu-t-rtibi-495138)