---
title: "Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру"
description: "Кейде біз қалта ұрыларының құрбаны болып, әмиянымыздан немесе өзіміздің ұқыпсыздығымыздан сөмкемі..."
author: "makala123"
published: "2014-12-10T06:15:35+00:00"
modified: "2014-12-10T06:15:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheke-ku-lik-zho-al-anda-zh-ne-rlan-anda-alpyna-keltiru-447636"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zheke-ku-lik-zho-al-anda-zh-ne-rlan-anda-alpyna-keltiru-447636/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру

> Кейде біз қалта ұрыларының құрбаны болып, әмиянымыздан немесе өзіміздің ұқыпсыздығымыздан сөмкемі...

![Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру](https://storage.yvision.kz/images/user/makala123/826XHe3wrPl3aIOp1wvSFL6h8kzJaF.jpg)

Кейде біз қалта ұрыларының құрбаны болып, әмиянымыздан немесе өзіміздің ұқыпсыздығымыздан сөмкемізді ұмыт қалдырып, айрылып жатамыз, мысалы көпшілік көлікте. Бұл сияқты жағдайларда заттармен бірге жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және т.б. құжаттар да жоғалып жатады. Осы мақала жеке куәлікті жоғалтқанда немесе ол ұрланғанда қалпына келтірудің жолдарын көрсетеді.

Жеке куәліктің жоғалуы немесе ұрлануына байланысты – ХҚКО-на тапсырылуы тиіс құжаттар тізімі түрленеді. Ұрланған жағдайда бірінші кезекте тұрғылықты жеріңіз бойынша АІІД бөлімшесіне жүгіну керек, ол жерде тергеуші сізге құжаттың ұрланғаны туралы анықтама береді. Әрі қарай негізгі құжатты қалпына келтіру үшін тіркелу орны бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бару керек. Алдын-ала 1414 нөмірі бойынша Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай Call-орталығына қоңырау шалып, қажетті құжаттар тізімін білуге болады.

Ұрланған кезде **жеке куәлікті қалпына келтіру үшін** өзімен бірге мынадай құжаттар болуы керек:

1) АІІД құжаттың ұрланғаны туралы анықтама;

2) жеке куәліктің жоғалған жағдайларын көрсетумен жазбаша өтініш;

3) ұрланған жеке куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);

4) 0,2 [АЕК](http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/useful_info/ui_economy/article/article_mci_2012&%3E%D0%90%D0%95%D0%9A%3C/a%3E%20%D0%BC%D3%A9%D0%BB%D1%88%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D1%96%20(346%20%D1%82%D0%B5%D2%A3%D0%B3%D0%B5)%20%D0%BC%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA%20%D0%B1%D0%B0%D0%B6%20%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%20%D1%82%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D1%83%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D1%82%D2%AF%D0%B1%D1%96%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%BA.%3Cbr%3E4)%20%D1%82%D3%A9%D0%BB%D2%9B%D2%B1%D0%B6%D0%B0%D1%82%20(%D0%B1%D0%B0%D1%80%20%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%81%D0%B0)%3C/p%3E%3Cp%3E5)%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%B6%D0%B0%D0%B9%20%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%81%D1%8B%20%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D0%B5%20%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%20%D1%82%D1%96%D1%80%D0%BA%D0%B5%D1%83%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3%20%D0%BA%D3%A9%D1%88%D1%96%D1%80%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%20(%D2%AF%D0%B9%20%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%B1%D1%8B)%3C/p%3E%3Cp%3E6)%203,5%20x%204,5%20%D1%81%D0%BC.%20%D3%A9%D0%BB%D1%88%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D1%96%202%20%D1%84%D0%BE%D1%82%D0%BE%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.%20%3C/p%3E%3Cp%3E%C2%A0%3C/p%3E%3Cp%3E%D0%96%D0%B5%D0%BA%D0%B5%20%D0%BA%D1%83%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BA%3Cb%3E%20%D0%B6%D0%BE%D2%93%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD%20%D0%B6%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%20%3C/b%3E%C2%A0%D1%81%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%B9-%D0%B0%D2%9B%20%D1%82%D1%96%D1%80%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D1%83%20%D0%BE%D1%80%D0%BD%D1%8B%20%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%88%D0%B0%20%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%81%D1%96%20%D2%9B%D2%B1%D0%B6%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%96%D0%B7%D1%96%D0%BC%D1%96%D0%BC%D0%B5%D0%BD%20%D0%A5%D2%9A%D0%9A%D0%9E%20%D0%B6%D2%AF%D0%B3%D1%96%D0%BD%D1%83%20%D2%9B%D0%B0%D0%B6%D0%B5%D1%82:%3C/p%3E%3Cp%3E%C2%A0%3C/p%3E%3Cp%3E1)%20%D0%B6%D0%B5%D0%BA%D0%B5%20%D0%BA%D1%83%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D1%96%D2%A3%20%D0%B6%D0%BE%D2%93%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD%20%D0%B6%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%25D) (370 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік баж алымды төлеу туралы түбіртек;

5) төлқұжат (бар болса (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме));

6) [мекенжай анықтамасы](http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/popularservices/passport/013pass_mvd) немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі ((үй кітабы) тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);

7) 3,5 x 4,5 см. өлшемді 2 фотосурет.

Жеке куәлік **жоғалған жағдайда** сондай-ақ тіркелу орны бойынша келесі құжаттар тізімімен ХҚКО жүгіну қажет:

1) жеке куәліктің жоғалған жағдайларын көрсетумен жазбаша өтініш;

2) 0,2 [АЕК](http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/useful_info/ui_economy/article/article_mci_2012&lang=kk) (370 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік баж алымды төлеу туралы түбіртек;

3) жоғалған жеке куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);

4) төлқұжат (бар болса (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме));

5) мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі ((үй кітабы) тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);

6) 3,5 x 4,5 см. өлшемді 2 фотосурет.

Жеке куәлікті бір жылдың ішінде қайта жоғалтқан жағдайда азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 377-бабының 1-тармағы бойынша 5 [АЕК](http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/useful_info/ui_economy/article/article_mci_2012&lang=kk) (9260 тенге) мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жеке куәлікті жоғалтқанда және жаңа құжатты алғанға дейін уақытша жеке куәлік беріледі. Оны ХҚКО қызметкері азаматтың қалауы бойынша - мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қолмен анық толтырады. Уақытша жеке куәлікке азамат туралы мынадай мәліметтер енгізіледі: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және орны, ұлты (қалауы бойынша), тұрғылықты мекенжайы, орган және берілген күні, қолданылу мерзімі, азаматтың қолы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zheke-ku-lik-zho-al-anda-zh-ne-rlan-anda-alpyna-keltiru-447636](https://yvision.kz/kk/post/zheke-ku-lik-zho-al-anda-zh-ne-rlan-anda-alpyna-keltiru-447636)