---
title: "«Жеңіс мамыргүлі» акциясы"
description: "Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жасыл Ел» бағдарламасымен бірлесіп,..."
author: "CRMI"
published: "2015-05-08T06:09:44+00:00"
modified: "2015-05-08T06:09:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhe-is-mamyrg-li-akciyasy-499902"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/zhe-is-mamyrg-li-akciyasy-499902/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Жеңіс мамыргүлі» акциясы

> Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жасыл Ел» бағдарламасымен бірлесіп,...

**

![«Жеңіс мамыргүлі» акциясы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/OcOyDlESkmuk7F8AEJQtjK4bcHl79X.jpg)

**

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Жасыл Ел» бағдарламасымен бірлесіп, «Жеңіс мамыргүлі» акциясын ұйымдастырды. Соғыстағы жеңістің символы – мамыргүлі. Сондықтан бұл шара әр адам үшін маңызды.

Мамыргүлдер аулаға отырғызылды ал ардагерлер қасіретті жылдардың қиын сәттерін айтып, жастарға ақ батасын берді. Игі шараға №41 мектептің оқушылары және мұғалімдері ерекше белсенділік танытты.

- Ардақты ардагерлер: ақсақалдар, аналар! Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Бәріңізге бақыт пен қуаныш, денсаулық тілеймін – деп ардагерлерге ізгі ниетін 11 сынып оқушысы Инзара Жұмабай білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/zhe-is-mamyrg-li-akciyasy-499902](https://yvision.kz/kk/post/zhe-is-mamyrg-li-akciyasy-499902)